«Денсаулық-ҚКА №4» бастауыш партия ұйымы
«№4 Денсаулық – ҚКА» бастауыш партия ұйымы 2001 жылы «Nur Otan» партиясының Түрксіб аудандық филиалы құрамында «№4 Қалалық клиникалық аурухана» ШЖҚ КМК негізінде құрылды. Құрылған күнінен бастап біздің БПҰ өз қатарына 240 адамды біріктіреді
«№4 Денсаулық – ҚКА» бастауыш партия ұйымының төрағасы ШЖҚ «№4 Қалалық клиникалық аурухана» КМК бас дәрігері – Бейсенбеков Саги Зульфухарович.
Партия мүшелерінің барлығы – 240;
оның ішінде:
- Ерлер – 109
- Әйелдер – 131.
Үлкен ұжымда 9 ұлт өкілдері еңбек етеді. «Nur Otan» партиясының Көшбасшысы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев жүргізіп жатқан саяси, экономикалық және әлеуметтік реформалар мен жобалар бастауыш ұйым жұмысының бірінші жоспарында тұр. Бастауыш партия ұйымының жұмысы тікелей және біздің Отанымыздың ғана емес, сонымен қатар жақын және алыс шетел азаматтарының денсаулығын сақтаумен тығыз байланысты. Бастауыш партия ұйымы өз жұмысында партия Жарғысының қағидаттарын және оның бағдарламалық құжаттарын басшылыққа алады.
Бастауыш партия ұйымы оңтүстік астананың және жалпы еліміздің барлық қоғамдық-саяси іс-шараларына белсенді қатысады.