Міндет және құндылық – ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНА

МИССИЯСЫ

Қызметкерлердің кәсіби біліктілігін, негізделген кафедралар мамандарының әлеуетін үйлестіру арқылы, пациенттердің қажеттіліктерін барынша қанағаттандыра отырып, қазіргі заманғы медициналық технологияларды қолдану есебінен жоғары сапалы көп бейінді медициналық қызметтерді ұсыну арқылы халықтың денсаулығын жақсарту.

ПАЙЫМДАУЫ

Клиникалық, ғылыми және білім беру тәжірибелерін біріктіру, госпитальдық басқарудың қазіргі заманғы стандарттарын, озық медициналық технологияларды енгізу және үнемі дамып келе жатқан бәсекелестік орта жағдайында кәсіпорынның экономикалық рентабельділігін қамтамасыз ету есебінен қала мен елдің көп бейінді клиникалары арасында көшбасшылық ұстанымға ие болу.

ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ ЭТИКАЛЫҚ ҚАҒИДАЛАР

  • Әлеуметтік жауапкершілік және серіктестік – қоғам, халық алдында өз жұмысының нәтижелеріне жауап беру, негізгі мақсаттарға қол жеткізуде тұрақты диалог пен серіктестік құру қажеттілігін түсіну.
  • Пациентке бағдарлану – басты құндылық – адам денсаулығы, басты қағидат – пациент басты назарда, мейірімділіктің дәстүрлі қағидаттарын сақтау, пациенттің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу.
  • Кәсіби біліктілігі – өзін-өзі жетілдіру және кәсіби білімді жақсарту бойынша тұрақты жұмыс, кадрлардың кәсіби өсуі және өзін-өзі жетілдіруі.
  • Проактивность– проявление инициативы, предвидение потребностей населения во времени, создание новых трендов и работа на опережение.
  • Проактивтілікбастаманы көрсету, халықтың уақыт өте келе қажеттілігін болжау, жаңа трендтер құру және алдын орау жұмысы.
  • Ашықтық және есеп берушілік – қоғам, халық және ұжым үшін кәсіпорын қызметі туралы ақпараттың қолжетімділігі, уәкілетті орган мен жергілікті атқарушы органдарға есеп берушілігі.
  • Бірлесушілік және бірлік – командада жұмыс істей білу, корпоративтік рух және тәлімгерлік дәстүрі.