ЕМДЕУ – ДИАГНОСТИКАЛЫҚ БӨЛІМШЕСІ (ЕДБ) – ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНА
Бөлімшесі туралыМамандарПрейскурант

Көпсалалы ақылы бөлімшесі “№4 Қалалық клиникалық аурухананың” 2019 жылғы 12 маусымдағы №01-05-100 бұйрығына сәйкес консультациялық –диагностикалық бөлімшемен (ҚДБ) біріктіріліп, «Емдеу-диагностикалық бөлімшесі» бұдан әрі (ЕДБ) болып қайта аталды. Бөлімшеде көпбейінді, травматологиялық, хирургиялық, терапиялық, кардиологиялық, эндокринологиялық, неврологиялық бейіндегі қызметтер көрсетіледі.

Бөлімше меңгерушісі-Калиева Нургуль Нураллиновна, 30 жылдан астам жұмыс өтілі бар дәрігер.

Бөлімше құрылымында бір орынды, екі орынды және VIP палаталар, қалпына келтіру емі мен оңалтуға арналған 2 төсек, 5 ортопедиялық, 15 соматикалық (терапиялық) бейінді төсек-орындар бар. Әрбір палата медициналық қызметкерлерді шақыру тетігімен, оттегімен, теледидармен, тоңазытқышпен, киімге арналған шкафпен, төсек жанындағы тумбочкалармен, жеке санитарлық тораппен, душпен жабдықталған. Палаталар жайлығығы туралы айтар болсақ, үйде жүргендей сезімде боласыз. Емдік тамақтану әзірленеді.

Емдеу-диагностикалық бөлімшесі ауқымды емдеу-диагностикалық қызметі бар бірегей көп бейінді бөлімше болып табылады. Күнделікті жұмыста ғылыми әзірлемелерге, клиниканың көпжылдық тәжірибесіне негізделген озық медициналық технологиялар қолданылады.

Емдеу-диагностикалық бөлімшесі жұмыс істеу негізіне науқастарды тексерудің, ерте диагностика жүргізудің, емдеудің және кешенді оңалтудың қол жетімділік, кешенділік, сабақтастық қағидаларын басшылыққа алып, емдеу шараларын жүргізеді. №4 Қалалық клиникалық ауруханасында негізделген кафедра қызметкерлері мен клиника мамандары: профессор, травматолог-ортопед Е.Н.Набиев, м.ғ.к. хирург дәрігері А.Н.Баймаханов, Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының доценттері Умарова С. У., Ижанова А. К., жоғары санатты терапевт дәрігері Тукаева Л. К., С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ гинекология кафедрасының қызметкерлері, төменде аталған мамандар: травматолог-ортопед, хирург, нейрохирург, уролог, ангиохирург дәрігері, терапевт, эндокринолог невропатолог, кардиолог, нефролог дәрігерлері қабылдау жүргізеді.

Емдеу-диагностикалық бөлімшесінің науқастарына ақылы негізде заманауи медициналық технологияларды пайдалана отырып, тексерудің барлық түрлері ұсынылады: ЭКГ, жүрек УДЗ, тамырлар УДДГ, УДЗ диагностикасы, МРТ, КТ, Рентген, ФГДС, Колоноскопия, Спирография, Холтер, диагнозды верификациялауға арналған клиникалық зертхана да жұмыс істейді.

Денсаулық – зор байлық байлық демекші, денсаулықты сақтау, өмір сапасын жақсарту мақсатында бөлімше өз қызметін үнемі жетілдіруге ұмтылады. Жоғары білікті дәрігерлер, медицина қызметкерлерінің мейірімді, қайырымды қызметкерлері және бөлімшенің қолайлы жағдайы біздің науқастарымыздың тезірек сауығуына септігін тигізетініне сенімдіміз.

Бұл бөлім туралы толық ақпарат жақында сайтта пайда болады. Өтінеміз, күтіңіз

Поиск услуги в прейскуранте:


Бұл бөлім туралы толық ақпарат жақында сайтта пайда болады. Өтінеміз, күтіңіз

ЕМДЕУ – ДИАГНОСТИКАЛЫҚ БӨЛІМШЕСІ (ЕДБ)