№ 4 Қалалық клиникалық аурухананың дәрігерлері тізе буынының артроскопиялық хирургиясын жүргізу кезінде жаңа жабдықты пайдаланады.
Stryker 4K аппараты №4 ҚКА-ның травматолог-ортопедтері үшін Тәуелсіздік күні қарсаңында сатып алынды.
Бүгінгі таңда артроскопия ауруды немесе жарақатты емдеп қана қоймай, пациентті белсенді еңбек және спорттық өмірге қайтаруға мүмкіндік беретін буын ішіндегі патологияның барлық түрлерін диагностикалау мен емдеудің заманауи жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Артроскопия тізе буынының және басқа да ірі буындардың патологиясын тексеру және емдеу үшін жүргізіледі.
Емдеу шаралары ота жасау бөлмесінде, жалпы немесе аймақтық анестезиямен седацияны бірге үйлестіре отырып жасалады. Буын аймағында артроскопияны жүргізу үшін терінің үш кішкентай (5-7 мм) тілуі жасалады. Осы тілулердің бірі арқылы артроскоп буын қуысына енгізіледі, ол диаметрі бірнеше миллиметр болатын катетер, оптикалық жүйемен, жарық көзімен жабдықталған және бейне экранда көрсетілген миниатюралық бейнекамерамен байланысқан.
Артроскопиялық техниканың көмегімен мүмкін болатын емдеу шаралары:
- менискалардың сау бөлігін барынша сақтай отырып, зақымдалған бөліктерін алып тастау
- мүмкін болған сирек жағдайларда менискаларды тігу
- хондроматозды және сүйек-шеміршекті денелерін алып тастау
- шеміршек жарылған жағдайда оның пластикасы
- артропластика және буынды ажырату
Артроскопия – бұл буын қуысының құрылымдарын визуалды тексеру үшін жасалатын ең аз инвазивті хирургиялық емдеу шаралары.
Емдеу шаралары микро-тілу арқылы буынға енгізілетін эндоскоптың түрлері – артроскоптың көмегімен жүзеге асырылады. Артроскопиялық емдеу шаралары ортопедиялық патологияның көптеген түрлерін диагностикалау үшін де, емдеу үшін де жасалуы мүмкін және олардың емдік мүмкіндіктері бойынша ашық шұғыл араласулардан кем түспейді, бірақ көптеген жағынан олардан едәуір асып түседі.