
Бұл қандай әдіс?
Бұл – дәстүрлі мағынадағы ота емес. Дәрігерлер терінің қалпына келуін жеделдететін тірі жасушаларды қолданады. Бұл жасушалар алдын ала өсіріліп, арнайы жағдайда сақталады, кейін зақымданған теріге жағылады.
Қалай әсер етеді?
Жасушалар қолданылғаннан кейін:
* терінің жазылуын жеделдетеді;
* жаңа, сау тіннің түзілуіне ықпал етеді;
* қабынуды азайтады;
* дөрекі тыртықтың пайда болу қаупін төмендетеді.
Кімге ұсынылады?
Бұл әдіс мына жағдайда қолданылады:
* күйік;
* трофикалық жара;
* ұзақ уақыт жазылмайтын жара;
* отадан кейінгі тері ақауы кезінде.
⚠️ Маңызды: емге күйік алғанына 3 айдан аспаған пациенттер қабылданады.
Әдістің артықшылығы:
* жара мен күйік тезірек жазылады;
* емдеу мерзімі қысқарады;
* стационарда жату уақыты азаяды;
* жазылғаннан кейін терінің сыртқы көрінісі жақсарады;
* оңалту кезеңі жеңіл өтеді.
Кеңес алу үшін:
📞 +7 707 839 1997
Елдос Әділханович – комбустиология бөлімшесінің меңгерушісі
