Ота жасау блогы – ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНА
Бөлімшесі туралыМамандарПрейскурант

ОТА ЖАСАУ БЛОГЫ- 12 ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЗАЛ КІРЕТІН ТҰТАС КЕШЕН БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.

Жоспарлы ота жасау блогы өз жұмысын клиника құрылған сәттен бастап, атап айтқанда 1971 жылдан бастау алады.

Бөлімшеде хирургиялық оталарды, соның ішінде жоғары технологиялық араласуларды толық орындауды қамтамасыз ететін 14 білікті мейірбике жұмыс істейді. Жалпы ота жасау блогының ұжым кызметкерлері жоғары және бірінші біліктілік санаты бар қызметкерлерден құралған.

ОТА ЖАСАУ БЛОГЫ ЗАМАНАУИ ЖАБДЫҚТАРМЕН ЖАБДЫҚТАЛҒАН:

  • оптикалық жабдықтардың толық жиынтығы бар бейне лапароскопиялық тіреулер (гинекология, травматология, урология хирургиясы үшін).
  • офтальмологиялық операцияларды жүргізуге арналған микроскоптар
  • Ligashur аппараты
  • “Siemens” фирмасының ангиографы
  • артроскопиялық тіреу, гистероскоп, цистоскоп

КЕЛЕСІ БЕЙІНДЕР БОЙЫНША ХИРУРГИЯЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР ЖҮРГІЗЕДІ:

  • өт қабына лапараскопиялық және шағын инвазивті операциялар, жаңа технологияларды қолдана отырып, тамырлар арқылы операция жасау-аорто-сан шунттау, сафенэктомия және тағы басқалар.
  • урологиялық: қуықасты безі аденомасын алып тастау және резекциялау, бүйрекке операция жасау.
  • травматологиялық: тізе буындарының артроскопиясы, жамбас-сан буындарын эндопротездеу, түрлі сынықтардың металлостеосинтездері.
  • Нейрохирургиялық-омыртқа дискілерінің жарықтары, бас сүйегінің пластинкасын орнату, трепанациядан кейінгі және т.б.
  • офтальмологиялық.

Жаңа заманауи жабдықтардың бар болуы уақытылы диагностиканы жүргізуге және көрсетілетін көмек деңгейін арттыруға, сондай-ақ науқастың стационарда емделіп жату уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.

5 лапароскопиялық баған бар.

Лигашур, Гармоник аппараттары белсенді қолданылады.

Жақын және алыс шетелдің жетекші профессорларымен бірге шебер-класс және тәжірибе алмасу жүргізіледі.

Бұл бөлім туралы толық ақпарат жақында сайтта пайда болады. Өтінеміз, күтіңіз

Поиск услуги в прейскуранте:


Бұл бөлім туралы толық ақпарат жақында сайтта пайда болады. Өтінеміз, күтіңіз

Ота жасау блогы