Гемодиализ және экстракорпоралды уытсыздандыру бөлімшесі – ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНА
Гемодиализ және экстракорпоралды уытсыздандыру бөлімшесі

Құрметті әлеуметтік желідегі жазылушылар, бүгін біз гемодиализ бөлімшесінің қалай жұмыс істейтіні туралы сөз қозғаймыз, дәрігерлер адам өміріне қауіп төндіретін сырқатқа тапжылмай күрес жүргізетін клиниканың маңызды буындарының бірі болып табылады. Жіті және созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарға емдеу жүргізеді, бұл ауруға шалдығатын науқастардың көпшілігінде осы ауру белгісі 4 жыл уақыт көлемінде байқалатынын атап өткіміз келеді.

Гемодиализ-бұл жіті және созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі кезінде қанды бүйректен тыс тазарту әдісі. Гемодиализ емін жасау уақытында ағзадан заттек алмасудың уытты өнімдері кетіріледі, су және электролиттік баланстардың бұзылыстары қалпына келтіріледі. Ем-шара біздің тәжірибелі дәрігерлер мен мейірбикелердің бақылауымен жүзеге асырылады.

Созылмалы бүйрек ауруы (СБА) ұзақ уақыт симптомсыз болуы мүмкін екенін атап өткен жөн. Сондықтан, ерте диагностиканың қарапайым және қол жетімді әдістерінің болуына қарамастан, пациенттердің едәуір бөлігінде бүйрек функциясының бұзылуы нефропротективті терапия көмегімен аурудың дамуын тоқтата алу мүмкіндігі жоғалып, көп жағдайда кеш болған кезеңде анықталып жатады.

“Науқасты бағдарламалық диализде жүргізу жеке дара диетаны таңдауды өзіне қамтиды және оны міндетті түрде ұстану қажет екенін ескертеді. Дәрігер мен науқас тамақтану ретін науқастың ауруына сәйкес тағам түрлерін таңдайды және тест нәтижелеріне байланысты тамақтану мәзірін бірлесіп талқылайды. Гемодиализ бөлімшесінің дәрігерлері анемияны, қайталама гиперпаратиреозды, диализдегі және диализ алдындағы кезеңдегі пациенттерде артериялық гипертензияны емдеумен айналысады. Әрине, біз жіті бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарды, оның ішінде қарқынды терапия бөлімшелерінде жатқан науқастарды емдеумен айналысамыз”, – деді №4 ҚКА гемодиализ және экстракорпоралды уытсыздандыру бөлімшесі меңгерушісінің м. а. Бабыр Мүсілім.

Бүйрегі жіті зақымданған науқастарға медициналық көмек тәулік бойы көрсетіледі.

ҚЫЗМЕТ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ КЕПІЛДІК БЕРІЛГЕН КӨЛЕМІНІҢ ТІЗБЕСІНЕ КІРЕДІ.

Біздің бөлімшеде қанды экстракорпоралды тазартудың бірқатар ем-шараларын жүргізіледі, олардың тиімділігі дәлелдемелік негізге ие болды:

  • Плазмаферез және плацмафильтрация;
  • Гемосорбция;
  • Плазмобляция;
  • Оқшауланған ультрафильтрация;
  • Гемофильтрация;
  • Гемодиафильтрация;
  • Гемодиализ;
  • Қанды УКС (қанды ультракүлгін сәулелендіру);
  • Матрикс-ВЛОК аппаратында ВЛОК (қанды тамырішілік лазерлік сәулелендіру).

“Қанды экстракорпоралды тазарту ем-шаралары қолданылатын ауруларға мыналар жатады: аллергиялық және аутоиммундық аурулар, метаболикалық синдром, жіті панкреатиттің ауыр түрлері, жүйелік қабыну реакция синдромы, айқын ісінуі бар созылмалы жүрек жеткіліксіздігі және басқалар. Бұл ем-шараларды тек қана дәрігер тағайындайды” – деп түсіндірді Б.Мүсілім.

№ 4 Қалалық клиникалық ауруханада гемодиализ бөлімшесі 2013 жылдан бастап жұмыс істейді. Біздің жұмысымыздың негізгі қағидаттары кәсіби білікті қызмет көрсету, әрқашан озық технологияларды кеңінен пайдалану, әрбір пациентке жеке дара ыңғай таба білу болып табылады.

Бөлімше қызметкерлері: Б.М.Мүсілім., Ж.С. Сағатбаев, Е. С.Қараулов, З.Н. Аметова, Р. Джарменкеева, С. Сейтжанова, К.Рисманова, А. Алмағамбет, А. Джумашева, Д. Мухпулова, П. Бакиева.

Гемодиализ және экстракорпоралды уытсыздандыру бөлімшесі