Алғыс хат – ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНА
Алғыс хат

Мен, Асқарова Мағира 1949 жылы 18 наурыз күні тұылғам. Осы ауруханаға 3-ші инсультпен мамырдың 14-і жедел жәрдеммен түстім.

Менің емдеуші дәрігерім Олжас Аманбайұлы туралы айтқым келіп отыр. Өзі жас болса да, жүрегі үлкен азамат, ақ халатты абзал жанға басымды иіп шың жүрекпен алғысымды білдіргім келеді. Біздей қарияларға бір ауыз жылы сөзде шіпа, ем болып саналады. Тән ауруы ғана емес, жаныңды да емдем шығаратын осындай азаматтың тәрбие берген ата-анасың ғұмыр-жасы ұзақ болса екен деп Алладан тілеймін!

Жалпы ұжымның қызмет көрсетіп жүрген басшысы, дәрігерлеріне, медбикелерге, санбикелерге мын алғыс! Барлығын басқарып отырған мықты адам Сізге Алланың нұры жаусын. Менің емдеуші дәрігерімнің еңбегі ескерілсе екен деп сізден өтініш етсем жауапсыз қалмаса екен деймін.

Көп-көп рахмет Сіздерге, ерен еңбектеріңіз үшін!
Асқарова Мағира.

Алғыс хат