№4 Қалалық клиникалық аурухананың клиника-диагностикалық бөлімшесінің жетекші маман дәрігерлері жұмыс күндері сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін науқастарға қабылдау жүргізеді.
Науқастарды қабылдауға емхананың жолдамасы міндетті емес, біздің аурухананың хирург, травматолог, ортопед, терапевт, комбустиолог, невропатолог, офтальмолог, гинеколог, уролог, реабилитолог, эндокринолог, кардиолог дәрігерлері келушілердің өтініштері бойынша немесе алдын-ала жазылу бойынша консультация жүргізеді.
Адам қымбат тұратын технологияларды пайдаланатын диагностикамен емдеуді қажет ететін болса, оны тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде алу мүмкіндігі бар. Квота-бұл стационар жағдайында мемлекет есебінен медициналық көмек көрсетуге арналған қаражат.
Жоспарлы емдеуге жатқызу- бұл созылмалы ауруға және жедел дәрігерлік араласуды талап етпейтін, өмірге қауіпсіз жағдайларға көрсетілім (анықталған жағдайда) болған кезде дәрігердің науқасқа беретін жолдамасы. Жоспарлы емдеуге жатқызу Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы науқастың медициналық ұйымды таңдауы ескеріле отырып бірнеше күн ішінде жүзеге асырылады. Стационарлық емделуге көрсетілімдер болған жағдайда науқасқа жолдама беріледі.
№4 Қалалық клиникалық аурухана ауруханаға жатқызу порталынан тыс мынадай санаттарға әкімшілік квоталар беруге дайын: көпбалалы отбасыларға, барлық топтағы мүгедектерге, ҰОС ардагерлеріне, интернационалист жауынгерлерге, желтоқсан оқиғасына қатысушыларына, зейнеткерлер мен оралмандарға.
Анықтама телефоны: 300-36-42.