Қандай жағдайда проктолог дәрігерінің көмегіне жүгіну қажет?
Проктологиялық аурулардың негізгі белгілері болып табылады:
- тік ішек және артқы өтіс аймағындағы ауырсыну және қышу;
- артқы өтістен қан кету, ірің мен шырыштың бөлінуі;
- артқы өтіс аймағында “түйіндер” деп аталатын тығыздалған түйіннің пайда болуы;
- тік ішектегі бөгде зат сезімінің пайда болуы;
- созылмалы іш қату немесе іш өту;
- іштің кебуі;
- нәжісті, газдарды ұстамау және т. б.
Проктологиялық аурулар ұзақ уақыт бойы симптомсыз болуы мүмкін және емдеуі қиын, ауру асқынған кезеңінде науқастың көбірек мазасы кете бастайды. Өмір сүру сапасының төмендеуінен, ауырсынудан және жайсыздықтан басқа, проктологиялық аурулар ауыр асқынуларымен қауіпті болып табылады. Проктолог дәрігерідің кабылдауында болып, уақытылы кеңес алу өте маңызды. Проктолог (колопроктолог) — тік және тоқ ішектің, сондай-ақ перианальды аймақтың ауруларының диагностикасын жүргізумен және емдеумен айналысатын дәрігер.
№4 Қалалық клиникалық ауруханада проктология мәселелері бойынша жоғары санатты хирург дәрігер, PhD докторы, С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ хирургиялық аурулар кафедрасының доценті Айдар Дусенович Раимханов консультация жүргізеді.
Консультациялық-диагностикалық бөлімшеде проктологиялық бейіндегі науқастарға барлық зертханалық зерттеулер, сондай-ақ ректороманоскопия, колоноскопия жүргізіледі.
№4 Қалалық клиникалық ауруханада заманауи сандық диагностика-компьютерлік 3D-томография қолжетімді болды.
Қабылдау жұмыс күндері сағат 8.00-ден 14.00-ге дейін жүргізіледі.
Анықтама телефоны: 300-36-42.
#проктолог #ГКБ4 #алматы