Коронавирус бойынша жиі қойылатын сұрақтар мен жауаптар – ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНА

КОРОНАВИРУС ЖАҒДАЙЫ ТУРАЛЫ

  1. Коронавирус дегеніміз не?

Коронавирустар – бұл көбінесе жануарларды зақымдайтын вирустардың тобы, бірақ кейбір жағдайларда адамға берілуі мүмкін. Әдетте коронавирус тудырған аурулар ауыр симптоматиканы тудырмай жеңіл түрде өтеді. Алайда, таяу шығыс респираторлық синдромы (Mers) және ауыр жіті респираторлық синдром (Sars) сияқты ауыр түрлері болады.

  1. Коронавирустың берілу жолы қандай?

Жұқтырған адам жөтелгенде немесе түшкіргенде пайда болатын тамшылар.

Одан басқа, біреу кез келген ластанған заттың үстіңгі бетіне, мысалы, есік тұтқасын ұстаған кезде таралуы мүмкін. Адамдар ластанған қолдарымен ауызын, мұрнын немесе көзін ұстаған кезде жұқтырады.

Бастапқыда өршу жануарлардан пайда болды, болжам бойынша, Ухань қаласында (ҚХР) теңіз өнімдері базарында пайда болды, онда балықтың ғана емес, суыр, жылан және жарқанаты сияқты жануарлардың да белсенді саудасы жүрді.

  1. Коронавирустық инфекцияның көзі кім?

Ауру адам немесе жануарлар.

  1. Бұл инфекцияны жұқтыру қайдан пайда болды?

Қытай ғалымдарының дернектері бойынша COVID -19 табиғи резервуары жабайы жануарлар (жарқанат) болып табылады. Адам жұқтырған негізгі орын Оңтүстік Қытай теңіз өнімдерінің көтерме базары болды, онда жабайы жануарлар, оның ішінде жарқанаттар мен бауырымен жорғалаушылар сатып алынды.

  1. Коронавирустық инфекцияның негізгі белгілері?
  • жоғары дене қызуы
  • бас ауруы
  • әлсіздік
  • жөтел
  • тыныс алудың қиындауы
  • бұлшық ауыруы
  • жүрек айнуы
  • құсу
  • диарея
  1. Вирус сыртқы ортада тұрақты ма?

Коронавирус сыртқы ортада тұрақсыз, 57 градус С және одан жоғары температурада өледі, дезинфекциялық және құрамында спирті бар заттарға тұрақсыз.

  1. Инфекцияның инкубациялық кезеңі қандай?

Инкубациялық кезең (жұқтыру сәтінен ауру белгілері пайда болғанға дейін) 2-ден 14 күнге дейін, 2-7 күннен жиірек болады.

  1. Бұл инфекцияны емі бар ма?

Қазіргі уақытта арнайы емі жоқ. Патогенетикалық және симптоматикалық ем жүргізіледі.

  1. Коронавирусты жұқтырудан өзіңді қалай қорғауға болады?

Ең маңыздысы – қол мен беттердің тазалығын сақтау. Қолды таза ұстаңыз, оларды сабынмен жиі жуыңыз немесе дезинфекциялау құралын пайдаланыңыз.                                                                                              Сондай-ақ ауызыңызды, мұрныңызды немесе көзіңізді жуылмаған қолмен ұстамауға тырысыңыз (әдетте мұндай ойланбастан ұстау сағатына орта есеппен 15 рет болады).

Кез келген жағдайда қолды тазалау үшін қолды дезинфекциялаушы құралды өзіңізбен бірге алып жүріңіз.

Әрқашан тамақ алдында қолыңызды жуыңыз.

Әсіресе, адам көп орындарда, әуежайларда және басқа да қоғамдық көлік жүйелерінде болған кезде абай болыңыз. Осындай жерлерде орналасқан заттарды және олардыңң үстіңгі беттерін ұстауды барынша азайтыңыз, бетіңізге тимеңіз.

Бір реттік салфеткаларды өзіңізбен бірге алып жүріңіз және жөтелгенде немесе түшкіргенде әрдайым мұрын мен аузыңызды жабыңыз, оларды қолданғаннан кейін міндетті түрде жойыңыз.

Егер басқа адамдар жалпы орамға немесе ыдысқа саусақтарын салса,  одан тамақ ішпеңіз (жаңғақ, чипс, печенье және басқа да снектер).

Эпидемиологиялық ахуал тұрақтанғанша құттықтап, қол қысулар мен беттен сүюден аулақ болыңыз.

Жұмыс барысында сіз ұстайтын заттардың үстіңгі беттері мен құрылғыларды (компьютердің пернетақтасы, жалпы пайдаланатын оргтехника панельдері, смартфон экраны, пульттер, есік тұтқалары мен ұстағыштар) үнемі тазалаңыз.

  1. Медициналық масканы қалай дұрыс кию керек?                                                                                                             1. Мұрын мен аузыңызды маскамен мұқият жауып, бет пен маска арасындағы саңылауды азайту үшін оны бекітіңіз.                                                                                                                                                                                            2. Пайдалану кезінде масканы ұстамаңыз. Қолданылған маскаға тигеннен кейін, мысалы, оны шешу үшін қолды жуыңыз.                                                                                                                                                                                  3. Маска ылғалды немесе ластанған болса, жаңа таза және құрғақ маска киіңіз.                                                    4. Бір рет қолданылатын маска пайдаланбаңыз. Оларды әрбір қолданғаннан кейін лақтырып, алып тастағаннан кейін бірден жойыңыз.
  2. Жаңа коронавирусты емдеуге болады ма?

Иә, әрине. Алайда, суық тиюді тудыратын көптеген басқа да респираторлық вирустардан арнайы ем жоқ секілді жаңа коронавирустан да вирусқа қарсы арнайы препарат жоқ.

Вирустық пневмонияны, коронавирустық инфекцияның негізгі және ең қауіпті асқынуын антибиотиктермен емдеуге болмайды. Пневмония дамыған жағдайда – ем өкпе қызметін емдеуге бағытталған.

  1. Тәуекел тобына кімдер жатады?

Барлық жастағы адамдардың вирусты жұқтыру қаупі бар. Ухань қаласындағы (ҚХР) Денсаулық сақтау жөніндегі комиссияның мәлімдемесінде соңғы 60 жағдай 15- тен 88 жасқа дейінгіні құрайды.

Алайда, басқа да вирусты респираторлық аурулардың көпшілігі сияқты, балалар мен 65 жастан асқан адамдар, иммундық жүйесі әлсіреген адамдар- аурудың ауыр өту қаупі аймағында.

  1. Жаңа коронавирус үшін вакцина бар ма?

Қазіргі уақытта мұндай вакцина жоқ, алайда қытай мен бірқатар елдердің ғылыми ұйымдарында оны әзірлеу басталды.

  1. Коронавирустық инфекцияға ұқсас симптомдар болса, қайда хабарласу керек?

Жедел респираторлық инфекция белгілері пайда болғанда немесе жаңа коронавирустық пневмонияға күдік болғанда тез арада үйге жедел жәрдем шақыру (103), сондай-ақ 1406, 87172768043 коронавирустық инфекция мәселелері бойынша call-орталыққа қоңырау шалу қажет.

Жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін ауыр нысандағы жағдайда алдын алу шараларын сақтау (адамдармен қарым-қатынасты шектеу, жөтел этикетін сақтау, маска кию, өзін-өзі емдеумен айналыспау) керек.

  1. Коронавирус пен тұмау вирусы арасындағы айырмашылық неде?

Коронавирус пен тұмау вирусының ұқсас белгілері болуы мүмкін, бірақ олар генетикалық жағынан мүлдем әртүрлі.

Тұмау вирустары өте тез көбейеді — симптомдар жұқтырғаннан кейін екі-үш күннен кейін көрінеді, ал коронавирусқа ол үшін 14 күнге дейін қажет.

  1. Коронавирустың бар екенін қалай анықтауға болады?

Уақтылы диагностика Қазақстан аумағында жаңа коронавирустың пайда болу және таралу қаупі туындаған кезде маңызды іс-шаралардың бірі болып табылады.

Денсаулық сақтаудың ғылыми ұйымдары жаңа коронавирус гендерінің құрылымы туралы ақпарат пайда болған сәттен бастап 7 күннен аз уақыттың ішінде адам ағзасында вирустың болуын анықтау үшін диагностикалық жиынтықтардың екі нұсқасын әзірледі.

Жинақтар полимераздық тізбектік реакция (ПТР) деп аталатын зерттеудің молекулалық-генетикалық әдісіне негізделген. Бұл әдісті пайдалану тест-жүйелерге елеулі артықшылықтар береді.

Бірінші – жоғары сезімталдық – әзірленген тест-жүйелерді пайдалана отырып, вирустардың жеке көшірмелерін табуға болады.

Екінші – ауруды   диагностикалау үшін қан алудың қажеті жоқ, мұрын- жұтқыншақтан мақталы тампонмен үлгі алу жеткілікті.

Үшінші-талдау нәтижесін 2-4 сағаттан кейін алуға болады.

Қазақстанның барлық аумағы бойынша диагностикалық зертханаларында диагностиканың әзірленген құралдарын пайдалану үшін қажетті жабдықтар мен мамандар бар.

  1. Стационарға кімдер оқшаулануға жатады?

«Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы»  Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы №25  Жарлығына сәйкес «Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес мынадай 1а) санатындағы елдерден:         Франция                                                                                                  Иран

Италия

Испания

Германия

ресми және үкіметтік делегацияларды, сондай-ақ қызметтік және дипломаттық паспорттардың иелерін, авиакомпаниялардың ұшқыштарын және экипаж мүшелерінің, локомотив бригадаларының мүшелерін, темір жол көлігіндегі тасымалдау қызметімен байланысты адамдарды және жүктерді халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыратын жүргізушілерді қоспағанда, соңғы келген сәттен бастап 14 күннен аз уақыт өткен адамдар жергілікті атқарушы органдар айқындаған стационарларға оқшауланады.

  1. Карантиндік стационарлардағы азаматтар қандай талаптарды сақтауы тиіс?

Карантиндік стационарда болу кезінде қойылатын талаптар:

–  күнтізбелік 14 күннің ішінде жергілікті атқарушы органдар айқындаған үй-жайларда үздіксіз болу;

– карантин кезінде (14 күн): карантиндеу жерінен кетуге рұқсат берілмейді; барлық байланыс түрлерін (телефон, интернет) пайдалануға рұқсат етіледі;

– карантин кезіндегі медицина персоналы тарапынан жасалатын іс-шаралар мынадай қамтиды: қарап-тексеру, дене қызуын, артериялық қысымды өлшеу, сұрау;

– медициналық көрсетілімдер бойынша тамақтан, мұрын-жұтқыншақтан биоматериалды зертханалық зерттеуге алынуы мүмкін, қажет болған кезде – зерттеудің өзге де әдістері;

– карантиндегі адам тарапынан режим бұзылған жағдайда әкімшілік жауапкершілік көзделген.

19Үйде кімдер оқшаулануы тиіс? Үйде оқшаулау қалай жүргізіледі?

Үйдегі оқшаулау (үйдегі карантин) тұрғылықты (болатын) жері бойынша 1б) санатындағы елдерден келген адамдарға Қазақстан Республикасының шекарасынан өткен күннен бастап 14 күннің ішінде жүргізіледі:

ҚХР

Оңтүстік Корея

1а)  санатындағы тізбеге кіретін елдерді қоспағанда, Шенген аймағы елдері

 

Үйдегі карантин «ҚР-да төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 16 наурыздағы №25 қаулысының 2-қосымшасына сәйкес қойылатын талаптарды сақтай отырып жүргізіледі.

  1. Үйдегі карантиндегі азаматтар қандай талаптарды сақтауы тиіс?

Үйдегі карантинде болу кезінде қойылатын талаптар:

–  күнтізбелік 14 күннің ішінде тұрғылықты жерінде міндетті түрде тұрақты болу (үй, пәтер, жатақхана, қонақүй және басқалар);

– үйде оқшаулау үшін жағдай болмаған кезде емдеуге жатқызу ұсынылады;

– тұрғылықты жері бойынша оқшаулау кезінде (күнтізбелік 14 күн) халық көп жиналатын жерлерге баруға тыйым салынады;

– үйдегі карантин кезінде медицина персоналының іс-шаралары мыналарды қамтиды (күнтізбелік 14 күн): консультациялар және телефон бойынша қоңырау шалу арқылы үйдегі карантинге бақылау жасау;

– медициналық көрсетілімдер бойынша тамақтан, мұрын-жұтқыншақтан биоматериалды зертханалық зерттеуге алынуы, қажет болған кезде – зерттеудің өзге де әдістері жүргізілуі мүмкін;

–  медициналық көрсетілімдер бойынша (жіті респираторлық вирустық инфекция белгілері) адам диагностикалау және Қазақстан Республикасының есебінен емдеу мақсатында медициналық ұйымға (бұдан әрі – МҰ) жатқызылады;

– карантиндегі адам тарапынан режим бұзылған жағдайда әкімшілік жауапкершілік көзделген.

  1. 2-санаттағы елден келген адамдарға қандай шаралар қолданылады?

Бүгінгі күні 2-санаттағы елдер қатарына мынадай елдер кіреді:

Филиппин

Катар

Үндістан

БАӘ

Ұлыбритания

Әзербайжан

Тайланд

АҚШ

ҚР-ға жоғарыда көрсетілген елдерден келген адамдарға ҚР-ның шекарасын өткен күннен бастап 14 күннің ішінде қоңырау шалу арқылы тұрғылықты  (болатын) жері бойынша МСАК медицина қызметкері бақылауына алады.

  1. 2-санаттағы елден келген адамдар қандай талаптарды сақтауға тиіс?

2-санаттағы елдерден келген адамдарға қойылатын талаптар:

Адамның Қазақстан Республикасының аумағында жүріп-тұруға құқығы бар.

Адамдар көп жиналатын жерлерге бармау, басқа адамдармен байланысты шектеу ұсынылады.

Қазақстан Республикасының шекарасын өткен күннен бастап 14 күннің ішінде қоңырау шалу арқылы тұрғылықты  (болатын) жері бойынша МСАК медицина қызметкері бақылауына алады.

Медициналық көрсетілімдер бойынша (жіті респираторлық вирустық инфекция белгілері) адам диагностикалау және Қазақстан Республикасының есебінен емдеу мақсатында МҰ-ға жатқызылуы мүмкін.

  1. Визаларды беру және ҚР аумағына кіру, тұрақты авиарейстер, жаяу өту, жолаушылар теміржол/автомобиль тасымалдары, әуе қатынасы тұрақты тоқтатылған елдер санаты бойынша қайда хабарласуға болады?

Бұл сұрақтар бойынша Сыртқы істер министрлігіне 72-01-11 телефоны бойынша хабарласуға болады, сондай-ақ СІМ сайтынан қарауға болады.

  1. Қандай жағдайларда коронавирустық инфекцияға анализ тапсыру қажет? Қайда бару қажет?

Коронавирустық инфекцияға зертханалық зерттеу адамдарға клиникалық және эпидемиологиялық көрсетілімдер болған кезде жүргізіледі. Ол үшін респираторлық инфекциямен ауырған жағдайда немесе коронавируспен ауыратын науқаспен қарым-қатынаста болды деген күдігі болған жағдайда үйге дәрігерді дереу шақыру қажет.

Дәрігер қарап-тексергеннен кейін коронавирустық инфекцияға күдігі болған кезде зерттеуге анализдері алынады.

  1. COVID-19 коронавирустық инфекциясы бойынша қолайсыз елдер санатына кірмейтін басқа елдерден келген адамдарға қандай ұсыныстар бар?

Коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайы қолайлы басқа елдерден келген адамдар Қазақстанда ұсынылатын қажетті профилактикалық шараларды сақтауы қажет: денсаулығының жай-күйін бақылау, жеке гигиенаны сақтау, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұсынып отырған ақпаратты бақылау, респираторлық инфекция белгілері пайда болған жағдайда дәрігерді үйге шақыру.