
№4 Қалалық клиникалық ауруханасының нейрохирургия бөлімі орталық және перифериялық жүйке жүйесінің ауруларын диагностикалау және емдеуге маманданған. Біз заманауи микрохирургиялық және нейроинтервенциялық әдістерді қолдана отырып, жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетеміз.
Қызметтің негізгі бағыттары:
- Бас-ми және жұлын жарақаттарын емдеу, оның ішінде шұғыл хирургиялық араласулар.
- Жұлын ісіктерін (глиома, менингиома, невринома және т.б.) хирургиялық емдеу.
- Бас миының тамырлық патологияларына эндоваскулярлық араласулар (аневризмалар, мальформациялар, артерия стеноздары).
- Омыртқаның дегенеративті ауруларын емдеу (омыртқааралық диск жарығы, спондилолистез, омыртқа каналының стенозы).
- Перифериялық нервтерге жасалатын операциялар (нерв өткізгіштігін қалпына келтіру, нерв құрылымдарын декомпрессиялау).
- Бас сүйек ақауларында краниопластика және реконструктивті операциялар.
Жабдықтар мен технологиялар:
Бөлімше жоғары дәлдіктегі және аз инвазивті операцияларды жүргізуге мүмкіндік беретін заманауи медициналық құралдармен жабдықталған:
- Микрохирургиялық операцияларға арналған операциялық микроскоптар.
- Тамыр патологияларын диагностикалау және емдеуге арналған ангиографиялық кешен.
Мамандар және біліктілік:
Нейрохирургия бөлімінің дәрігерлер тобы – Қазақстан мен шетелдің жетекші медициналық орталықтарында тәжірибе жинақтаған жоғары білікті мамандардан құралған. Дәрігерлер үнемі біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, халықаралық конференциялар мен шеберлік сабақтарына қатысады.
Жетістіктер мен стандарттар:
- Емдеу халықаралық диагностикалау және терапия хаттамаларына сәйкес жүргізіледі.
- Асқыну қаупін азайтып, ауруханада жату мерзімін қысқартатын заманауи әдістер енгізілген.
- Әрбір пациентке жеке емдеу тактикасын таңдау қағидаты қолданылады.
№4 ҚКА нейрохирургия бөлімі – инновациялық технологиялар, тәжірибе және кәсібиліктің үйлесімі, ол пациенттерге ең жоғары сапалы ем алуға мүмкіндік береді.
Нейрохирургия бөлімінің меңгерушісіАжибеков Нұржан Орынтайұлы