№4 қалалық клиникалық аурухана – Қазақстан Республикасының Оңтүстік-Батыс аймағындағы травматологиялық-ортопедиялық орталық әрі травматологиялық көмек көрсетудегі флагман болып табылады.
Клиниканың травматологиялық қызметі келесі профильдер бойынша ұсынылған: травмпункт және қабылдау бөлімшесі, политравма, ортопедиялық хирургия, комбустиология, хирургия, нейрохирургия, жансақтау бөлімі, күрделі жарақаттар және ГXК бөлімі, артропластика, оталық бөлімше, радиология және реабилитация.
№4 қалалық клиникалық ауруханада барлығы 44 жоғары санатты травматолог дәрігер жұмыс істейді. Аурухана кадрлық әлеуеті халықаралық стандарттарға сай, мамандарымыз АҚШ, Израиль, Жапония, Қытай және Еуропа елдерінде біліктілігін арттырды.
Әріптестерімізді кәсіби мерекемен құттықтаймыз!