44 жасар Фернандо Боделон бұған дейінденсаулығына шағымданып көрмеген. Мадридтен Қазақстанның танымал туристік бағыттары бойынша саяхаттап көру үшін Алматыға ұшып келмекші болған. Ұшақта, қонуға бірнеше сағат қалғанда өзін нашар сезінген.
«Ұшақта менің мойным ауырып, күрт бозарып кеттім, қайта-қайта құстым. Содан кейін сол қол мен сол аяқта әлсіздік пайда болды. Алматы әуежайына қонған соң мені жедел жәрдем дәрігерлері күтіп алды», – деп еске алады Фернандо Боделон.
Төртінші қалалық аурухананың қабылдау бөліміне келген кезде туристің жағдайы ауыр деп бағаланған. №4 қалалық клиникалық аурухананың нейрохирургтері шетелдік қонақтың өмірі үшін 27 күн бойы күресті.
«Миға жасалған КТ оң гемисфераның қыртыс асты ядролары аймағындақарыншалық жүйенің бұзылуын,геморрагиялық типті ми қан айналымының жедел бұзылуын, мидың ісінуін көрсетті. Науқас шұғыл түрде жансақтау бөліміне жатқызылды», – дейді №4 қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөлімінің меңгерушісі Магадин Хайроев.
Туристің өмірін сақтап қалу үшін оғаншұғыл түрде ота жасау қажет болды. Істі нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Нұржан Әжібеков, ассистент Ельдар Бесенов және анестезиолог Маржан Мусина қолға алды. Ота 60 минутқа созылып, сәтті аяқталды – дәрігерлер ми қан айналымын қалпына келтіре алды.
«Біз ми ішіндегі гематоманың дренажын жасадық. Отадан кейінгі кезең тұрақты-ауыр түрде өтті, науқаста оң динамика орын алады. Ауруханадағы бақылаудан кейін Фернандоның жағдайы жақсарып, үйгешығарылды», – дейді емдеуші дәрігер №4 қалалық клиникалық аурухананың нейрохирургі Алдонгар Айсаутов.
Фернандо Боделон ауруханадан шыққаннан кейін бірден Испанияға оралды, онда ол оңалту курсынан өтеді. Болашақта турист өзінің бастаған сапарын жалғастырып, екінші туған жері – Қазақстанға қайта оралуды жоспарлап отыр.
«Мен бұл клиниканы, дәрігерлер мен қызметкерлерді қашанда жылы лебізбен еске аламын. Маған өмірге екінші мүмкіндікбергеніңіз үшін рахмет», – дейді Фернандо Боделон.