
Сәулелік диагностика бөлімшесі заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген:
Жабдықтың атауы:
• Hitachi Supria компьютерлік томография аппараты (128 кесінді, бүкіл денеге арналған рентгендік КТ жүйесі)
• Somatom Definition AS мультиспиральді компьютерлік томографы (40 кесінді)
• Magnetom Avanto 1.5 Тесла МРТ аппараты (Siemens AG, Medical Solutions)
• MULTIX PRO Р рентгенографиялық қондырғысы (Siemens AG, Medical Solutions)
• Стационарлы сандық рентген кешені (екі жұмыс орны)
• Movix 100 палаталық мобильді рентген аппараты
• OEC ONE С-доғалы жылжымалы рентген аппараты
• IZI 120P жылжымалы рентген жүйесі
• “BASIC” жылжымалы рентген аппараты
Сәулелік диагностика бөлімшесі екі рентгенография кабинетінен, магниттік-резонанстық томография (МРТ) және екі компьютерлік томография (КТ) кабинетінен тұрады.
МРТ кабинеті
Magnetom Avanto 1.5 Тесла томографымен жабдықталған. Бұл құрылғы арқылы ми, жұлын, MP миелография, MP ангиография (экстра- және интракраниальды тамырлар), омыртқааралық дискілер мен жарықтардың диагностикасы, буындар, бұлшықеттер, сіңірлер, кіші жамбас ағзалары (ерлер мен әйелдер), көкірек аралық аймақ, бас, омыртқа, буындардағы операциядан кейінгі ерте және кеш асқынулар зерттеледі. Ми мен жұлынның МРТ зерттеуі – диагностикадағы «алтын стандарт» болып табылады.
КТ кабинеттері
128 кесінділі спиральді компьютерлік томограф (SUPRIA) және 40 кесінділі Somatom Definition 40 құрылғыларымен жабдықталған. Бұл кабинеттерде бас-ми және омыртқа жарақаттары бар шұғыл пациенттер, инсульт (геморрагиялық және ишемиялық түрлері), жедел панкреатит, травмалар, ісіктер, қабыну аурулары, бүйрек және құрсақ арты кеңістігінің патологиялары, кәсіби аурулар (пневмокониоз), туберкулез, өкпе диссеминациясы, тромбоэмболия, сүйек тініндегі өзгерістер зерттеледі.
Жоғары айналу жылдамдығы мен кесінді саны тамырларды контрастты затпен ауыртпалықсыз зерттеуге мүмкіндік береді. Соңғы буын мультидетекторлы КТ анық кескін алуға көмектеседі. 128 кесінділі Hitachi Supria жоғары сапалы диагностиканы қамтамасыз етеді.
КТ өкпені 4,5 секундта, іш қуысын 7,5 секундта зерттей алады.
Hitachi Supria 128 жоғары жылдамдықты сканерлеуді 1,58 қадаммен жүзеге асырады, 40 мм детекторы және Hitachi CORE алгоритмі арқылы зерттеу тиімділігін арттырады. Бұл құрылғы өкпені 320 мм аймақта 4,5 секундта, ал іш қуысының 570 мм аймағын 7,5 секундта сканерлейді. Осылайша, тыныс ұстап тұру қиындықтары бар пациенттерге жүктеме азаяды.
Қарапайым және ыңғайлы қолдану
Hitachi Supria 128 – үш негізгі блоктан (гентри, пациент үстелі, консоль) тұратын ықшам КТ жүйесі. Ол орнатуға оңай, қуаты 75 кВА, стандартты КТ бөлмесіне сай келеді және күрделі монтаж жұмыстарын қажет етпейді.
Интуитивті басқару
Қарапайым интерфейс (GUI) арқылы жұмыс істеу жеңілдетілген, батырмалардың саны азайтылып, ірі белгішелер қолданылған. Қосымша функциялар: виртуалды колоноскопия, виртуалды бронхоскопия, КТ-ангиография.
Жұмыс тәртібі
Инсульт орталығының ашылуына байланысты КТ кабинеті тәулік бойы жұмыс істейді. Нәтижелер сапалы әрі жедел беріледі. Қабылдау бөліміндегі рентген кабинеті де тәулік бойы қызмет көрсетеді.
Барлық рентген құрылғылары сандық форматта, анық бейне сапасымен және суреттерді өңдеу мүмкіндігімен жабдықталған. Больница ашылған күннен бастап штат бойынша рентгенолог дәрігер қызмет атқарады.
Заведующая отделением лучевой диагностикиЖаксылыкова Нурия Ермековна