Алматы қаласының медицина қызметкерлері үздіксіз білім алу және кәсіби даму стратегиясын ұстанады.
№4 Қалалық клиникалық ауруханада ресейлік әріптес, травматолог, профессор, медицина ғылымдарының докторы, Вреден атындағы Ресей травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты директорының өңірлермен жұмыс жөніндегі орынбасары Шубняков Игорь Ивановичтің қатысуымен шеберлік сыныбы өтті.
Травматолог-ортопедтермен өткен конференцияда саладағы инновациялар, атап айтқанда: «Жамбас буынын күрделі және ревизиялық эндопротездеу» талқыланды.
Бүгін жамбас буынын толық эндопротездеу бойынша бірлескен оталар жасалды.
Шеберлік сабағы №4 ҚКАның эндопротездеу бөлімінде өтті.
Кемелдіктің шегі жоқ