Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНА
Сыбайлас жемқорлықпен күрес

№4 қалалық клиникалық ауруханада «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – қоғамдағы басты мәселе» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелде аурухана директоры Б.С.Досмаилов баяндама жасады.
«Дөңгелек үстел отырысы қоғамымызда, елімізде орын алып отырған өзекті мәселенің бірі – сыбайлас жемқорлықпен күрес тақырыбына арналды.
Сыбайлас жемқорлық кез келген мемлекетке қауіп төндіретіні анық. Ол кәсіпкерлік ортаны бүлдіреді, мемлекеттің әлеуетін төмендетеді, мемлекеттің имиджіне кері әсер етеді. Ең бастысы, сыбайлас жемқорлық азаматтардың мемлекеттік органдарға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне және осы ұйымдардың қызметкерлеріне сенімін әлсіретеді.
Бүгінгі «дөңгелек үстел» отырысы қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне төзбеушілік қарым-қатынасты тиімдірек дамытып, денсаулық сақтау ұйымы қызметкерлерінің осы мәселе бойынша берік ұстанымын айқындайды деп сенемін», – деді Біржан Досмаилов.

Одан әрі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Алматы қаласы бойынша басқармасының басшысы К.А. Сәлімбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформаның негізгі пакеттерін түсіндірді, қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа жол бергені және әлсіз профилактикалық жұмысы үшін басшылардың жеке жауапкершілігін, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін азаматтарды марапаттаудың сараланған жүйесін, сыйлық беруге толық тыйым салуды, жалпыға бірдей декларацияны, ҚР азаматтары және ҚР әкімшілік және қылмыстық кодекстерінде көзделген жауапкершілікті атап өтті.
Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлық тәуекелін анықтау (мүдделер қақтығысы, ақшаны жұмсау, мемлекеттік сатып алу, ұйымдастыру-бөлу функциялары), сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша Комплаенс қызметінің негізгі міндетін түсіндіре отырып, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің профилактикалық жұмысының, қызметкерлермен профилактикалық әңгіме жүргізу және оларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды сақтауға, адалдық қағидаттарын сақтауға көндірудің маңызын атап өтті.
Дөңгелек үстелге қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбында бейнеролик көрсетілді.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес