
Алғыс
Келген едім алдына жүре алмай,
Езу тартып , әуелі күле де алмай.
Елестетіп , бір орыс ,,Жуан әйел” ,
Тіл табуын қалайша біле алмай…
Кіп-кішкентай, сүйкімді қызды көріп,
Таң-тамаша күй кештім қалмай сеніп.
Міне ғажап , осындай қуыршақтың,
Айтқанына барлық жан қалған көніп !
Науқас жанға керегі, жылы қабақ,
Зейінімен тыңдады күле қарап.
Дәл осындай көңілін көрген кезде,
Рахымына Алланың , тұрдым балап !
Деген кезде қызымын Ғибадаттың ,
Самалы есті жүзінен инабаттың.
Көргім келді сол кезде ынтам артып ,
Шын иесін осындай , ұлы аттың !
Алғысына халықтың бөленгені,
Деп біліңіз парыздың төленгені.
Алғыс айтқан әрбір жан Динараға ,
Ғибадаттық етуге кеп енгені…
Қызым сені көрейік биіктерден !
Жана берсін еңбегің сүйіп келген !
Ата-анаңа мың алғыс, шын жүректен,
Ыстығың мен суыққа күйіп келген !
Алғыс иесі: Қуанышев Жәдігер Қалыбекұлы.
14-ақпан.2025жыл.
Алматы қаласы.