
Бөлім туралы
Мамандар
Бөлім туралы
№4 Қалалық клиникалық ауруханасында асқынған жарақат және іріңді хирургия бөлімшесі 39 төсекке арналған жүйе бойынша жұмыс жасап келеді.
Бөлімшеде іріңді-қабыну аурулары бар және аяқ-қолдың, сондай-ақ құрсақ қуысы мен кеуде қуысының операциялық араласуының асқынулары бар пациенттерді емдеуге бағытталған медициналық қызметтер мен операциялық араласулардың кең спектрі көрсетіледі.
Пациенттерді емдеуді осы салада үлкен тәжірибесі бар, алыс және жақын шет елдерде оқудан өткен мамандар жүзеге асырады.
Жедел оталар мен медициналық қызметтердің тізбесі:
- Жоғарғы және төменгі аяқ сүйектерінің, жамбас сүйектерінің және кеуде қуысының секвестрэктомиясы;
- Әр түрлі модификациядағы сыртқы бекіту аппараттарында аяқ-қол сүйектерінің сүйек остеосинтезі;
- Аяқ-қолдың тері және сүйек пластикасының көптеген түрлерін қолдана отырып, реконструктивті оталар жасалады;
- Сүйек құрылымының эхинокококтық жылауығын, құрсақ қуысы мүшелерін және кеуде қуысы мүшелерінің жылауығын ота жасау арқылы емдеу шарасы жүргізіледі;
- Ірі буындарды эндопротездеуден кейінгі асқынуларды емдейді;
- Диабеттік табанды емдейді;
- Ішекке реконструктивті оталар жасалады (колостоманы шығару/алып тастау);
- Зақымдану тереңдігі мен әр түрлі орналасқан жараларды емдеудің заманауи әдістерін қолданады.
Мамандар
Жоғары санатты дәрігер-комбустиолог еңбек өтілі 20 жылФедотов Андрей Анатольевич
Федотов Андрей Анатольевич
Асқынған жарақат және іріңді хирургия бөлімі