Алматы қ. маслихат депутаттары №4 қалалық клиникалық ауруханада жүргізіліп жатқан күрделі жөндеудің барысымен танысты.

Депутаттар 6 000 м² аумақта жаңғыртылып жатқан қабылдау бөлімінде болды. Жөндеу жұмыстарының мақсаты – инфрақұрылымды триаж жүйесінің халықаралық стандарттарына сәйкестендіріп, Түрксіб және Жетісу аудандарының, сондай-ақ қала маңындағы өңір тұрғындарына шұғыл медициналық көмектің сапасын арттыру.
Жаңа қабылдау бөлімінде «қызыл», «сары» және «жасыл» аймақтар, операциялық блоктар, 12 төсекке арналған заманауи реанимация және Bi-Plan ангиографиялық жүйесі қарастырылады. Бұл шешім ота алдындағы дайындық уақытын қысқартып, асқыну қаупін төмендетуге және төсек қорының айналымын арттыруға мүмкіндік береді.

Жүргізілген жаңғырту нәтижесінде қабылдау бөлімінің өткізу қабілеті тәулігіне 170–200 пациенттен 250–300 пациентке дейін өседі. Жоспарлы госпитализация жылына 5 000-ға дейін ұлғайып, шұғыл операциялар саны 1 500-ге дейін жетеді.

Алматы қ. маслихат депутаттары №4 қалалық клиникалық ауруханада жүргізіліп жатқан күрделі жөндеудің барысымен танысты.