Қауіпсіздік және сапа – жеке бақылауда: Марат Пашимовтың жұмыс сапары

2025 жылғы қыркүйектің 6-сында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов мегаполистің бірнеше денсаулық сақтау нысанын аралап шықты.

Бірінші нысан №7 қалалық клиникалық аурухана болды, онда белсенді кезеңде бас ғимаратты қайта құру және емхананы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. ҚДСБ басшысы құрылыс алаңының жай-күйімен егжей-тегжейлі танысып, жұмысты ұйымдастыру бойынша ұсыныстар берді, мерзім мен сапаны қатаң сақтау қажеттігін атап өтті. Марат Пашимов құрылыс жұмысы кезінде пациенттердің де, медициналық қызметкерлердің де қауіпсіздік мәселесіне ерекше назар аударды.
Басқарма басшысы бұдан кейін жөндеу-құрылыс жұмысы жүргізіліп жатқан №4 қалалық клиникалық ауруханада болды.
Қалалық Адам репродукциясы орталығына ерекше назар аударылды. Ұйымда күрделі жөндеу жұмысы аяқталып, бір аптадан кейін толыққанды көшу жоспарланған. Жаңа корпус 35 төсек-орынға, соның ішінде 6 реанимациялық төсек-орынға арналған. Жақын арада аумақты абаттандыру жұмысы: асфальт төсеу және жаңа қоршау орнату аяқталады. Әзірге Адам репродукциясы орталығы Орталық қалалық клиникалық аурухана базасында уақытша орналасқан.
Аралау бағдарламасына Арнайы медициналық жабдықтау базасы мен Оқу-клиникалық орталығы кірді, онда басшы объектілердің ағымдағы жай-күйімен және ұйымдастыру мәселесімен танысты.

Марат Пашимов медициналық ұйымдарды жаңғырту мен жаңарту – заманауи инфрақұрылымды құру ғана емес, сонымен қатар Алматы тұрғындары үшін медициналық көмектің сапасын арттырудың кепілі екенін атап өтті.

Қауіпсіздік және сапа – жеке бақылауда: Марат Пашимовтың жұмыс сапары