Биконуров Нуржан Омарович

Магистр MBA, жоғары санатты травматолог-ортопед дәрігері, «Болашақ» Халықаралық стипендиясының иегері.

2004 жылы С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Мемлекеттік Медициналық Университетінің, емдеу ісі мамандығын аяқтаған, 2009 жылы Санкт-Петербург қ., Ресей, С.М. Киров атындағы Әскери-Медициналық Академиясында, ординатураның комбустиология мамандығын аяқтаған. Еңбек жолын 2009 жылы Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасы ШЖҚ «№4 қалалақы клиникалық аурухана» КМК, күйік бөлімінде ординатор дәрігер лауазымынан бастап, бөлім меңгерушісіне дейін қызмет атқарып, қазіргі уақытта директордың медицина ісі жөніндегі орынбасары лауазымында қызмет атқаруда.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» және «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгілерімен марапатталған.

Кожахметов Темирхан Койлыбаевич

Медицина ғылымдарының магистрі, MBA, PhD

С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің түлегі. Еңбек жолын 2004 жылы «Қалалық клиникалық аурухана №4»-те бастады. 2022 жылдан бастап «Қалалық клиникалық аурухана №4»-тің хирургия жөніндегі директордың орынбасары.

«Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен және «Үздік маман» төсбелгісімен марапатталған.

Раимжанов Тимур Тахирович

MBA магистрі, жоғары санатты анестезиолог-реаниматолог дәрігер.

С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің түлегі. Еңбек жолын 2017 жылы Алматы қаласындағы «ҚКП на ПХВ ГБСНП»-да дәрігер болып бастаған, 2020 жылдан бастап Алматы қаласы ДСБ-ның «Қалалық клиникалық аурухана №4» ШЖҚ КМК-да бөлім меңгерушісі қызметін атқарған.

Қазіргі уақытта медициналық қызметтердің сапасын бақылау жөніндегі директордың орынбасары болып табылады.

«Денсаулық сақтау ісінің үздігі» және «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгілерімен марапатталған.

Сүгір Елдес Қайратұлы

Медицина ғылымдарының магистрі, MBA,

С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің түлегі. Еңбек жолын 2015 жылы «Қалалық клиникалық аурухана №4»-те бастаған. 2015 жылдан бастап аурухананың құрылымдық бөлімшелерінде басшылық қызметтер атқарған.

Қазіргі уақытта ұйымдастыру-әдістемелік және стратегиялық жұмыс жөніндегі директордың орынбасары болып табылады.

«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған.