
№4 Қалалық клиникалық ауруханада қабылдау бөлімінің қайта жаңарту жұмыстары толық аяқталды. Соның нәтижесінде бөлімшенің тәуліктік қабылдау мүмкіндігі 250 науқастан 450 науқасқа дейін ұлғайды. Сонымен қатар науқастарды жағдайының ауырлығына қарай жіктейтін халықаралық triage жүйесі енгізілді.
Бұл жүйе ауыр халдегі пациенттерге жедел көмек көрсетуге, асқыну қаупін төмендетуге және стационар жұмысының тиімділігін арттыруға жол ашады.
Сондай-ақ, Түрксіб ауданындағы Алтай шағынауданында бір ауысымда 500 адамды қабылдай алатын жаңа емхананың құрылысы қарадым. Емхана ультрадыбыстық зерттеу аппараттары, цифрлық флюорография мен маммография, компьютерлік және магниттік-резонанстық томография сияқты заманауи диагностикалық құрылғылармен жабдықталмақ.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Алматыда медициналық инфрақұрылымды жүйелі түрде жаңарту жұмыстары жалғасып келеді. 2025 жылы медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін 4 орталық пен 1 емхана пайдалануға берілді. Қазіргі таңда тағы 32 медициналық нысанның құрылысы мен жаңғыртуға арналған жобалар әзірленіп жатыр.
https://www.instagram.com/reel/DTwrcyTDL2q/?igsh=YzJmZG1udXE4bGtn







