
Шұғыл хирургия саласы медицинаның маңызды салаларының бірі болып табылады: хирургия бөлімшесіндегі барлық емделуші науқастардың 30% жуығын шұғыл тәртіпте емдеуге жатқызылған науқастар құрайды. Жедел хирургиялық аурулардың ерекшелігі ол қысқа мерзімде өмірге қауіпті асқынулардың кенеттен пайда болуы және дамуы болып табылады.
Хирургия бөлімшесі 41 хирургиялық және 10 урологиялық төсек-орынға арналған. Бөлімшеде науқастарға жайлы жағдай жасалған, заманауи палаталарда: дәретхана, душ, жергілікті жарықтандыру, орталық ауаны баптау, функционалдық төсектері, жылжымалы төсек жанындағы үстелдері, теледидар, тоңазытқыш, 3 заманауи операциялық блогы, “ОR-1 NEO” және “АIDA” жаңа буын эндовидеохирургиялық кешенімен интеграцияланған операциялық блок, заманауи стерилизациялық, заманауи наркоздық аппараттар және реанимациядағы мониторинг жүйесі бар.
Уақытылы және сапалы диагностиканы қамтамасыз ету мақсатында тәулік бойы жұмыс істейтін функционалдық диагностика бөлімшесі жұмыс жасайды, онда диагностиканың заманауи визуалды әдістері ұсынылған: УДЗ, УЗ-допплерография, ЭФГДС, колоноскопия, бронхоскопия, рентгенография, КТ, МРТ, МRCP және т. б.
Бөлімше қызметкерлері ойық жараның гастродуоденалды қан кетудің ауыр түрін, алғашқы анастомоз салумен ток ішектің асқынған обырын радикалды хирургиялық емдеуде, таралған перитонит, абдоминалды жарақат пен политравманы диагнотикалау және кешенді емдеуде, нашақорлыққа тәуелді науқастардағы постиньекциялық асқынуларды, қысылған жарықтар, алып рецедивті жарықтар кезінде тіндерді тартусыз пластика әдісін пайдалануда, сонымен қатар диабетикалық табанды ерте диагностикалау және отадан кейінгі асқынуларды уақытылы емдеуде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді.
Сонымен қатар, жедел және жоспарлы хирургияда эндобейне ассистенттік оталар жасалады, олар: лапароскопиялық холецистэктомиялар, панкреонекроз кезінде сальникті сөмкені санациялау және дренирлеу, ферментативті перитонит кезінде іш қуысын санациялау және дренирлеу, аппедэктомия, перфоративтік жараны тігу, жіті жабыспа ішек өтпеу кезінде адгезиолизис және торакоскопия болып табылады.
Бұл ретте клиникада жасалған эндобейнехирургиялық операциялардың саны бойынша қалада көшбасшы орынға ие, жіті аппендицит, ЖІӨ, перфоративтік жара, панкреонекроз, бейнеторакоскопиялық ота бойынша араласулар есебінен шағын инвазивтік оталар көлемі де кеңейіп келеді.
Жаңа медициналық технологиялар енгізілді олар: асқазан-ішек қан кету кезіндегі біріктірілген эндоскопиялық гемостаз, сондай – ақ эндоскопиялық папиллосфинктеротомия және эндоскопиялық полипэктомия болып табылады
Врач сосудистый хирург. Врач высшей категории. Магистр здравоохранения. Хирургия бөлімшенің меңгерушісі УрологИмангалиев Аскар Мелисович
Алматаев Ұлан Қанатқанұлы
Қадірбеков Алихан Нариманұлы