
Ота жасау бөлімі 2011 жылдан бері жұмыс істейді және 15 ота залынан тұрады.
Жоспарлы ота жасау бөлімі
3-қабатта орналасқан, 10 ота жасау залдан тұрады. Оның ішінде бір зал заманауи КТ-аппаратпен жабдықталған.
Мұнда келесі оталар жүргізіледі:
- Травматологиялық
- Нейрохирургиялық
- Ортопедиялық (соның ішінде эндопротездеу)
- Хирургиялық
- Гинекологиялық
- Урологиялық және басқа да операциялар
Жабдықталуы:
- Нейрохирургиялық операциялық зал операциялық микроскоппен жабдықталған.
- Артроскопиялық операциялық зал артроскопиялық жүйе және шейвермен жабдықталған.
- Барлық залдар жарық, табиғи желдетумен, арнайы жиһазбен жабдықталған және заманауи хирургиялық құралдармен қамтамасыз етілген.
Жедел хирургиялық ота жасау бөлімі
3-қабатта орналасқан, 2 операциялық залдан тұрады.
Мұнда жедел хирургиялық ота жасалады, оның ішінде:
- Хирургиялық
- Гинекологиялық
- Урологиялық
Жабдықталуы:
- Жарық залдар, табиғи желдету жүйесі, арнайы жиһаз.
- Заманауи хирургиялық құралдар.
- Гинекологиялық кресло бар.
Жедел травматологиялық ота жасау бөлімі
1-қабатта, қабылдау бөлімінің жанында орналасқан. 1 операциялық залдан тұрады.
Бұл жерде жедел травматологиялық оталар мен манипуляциялар жүргізіледі.
Жабдықталуы:
- Жарық бөлме, табиғи желдету жүйесі.
- Арнайы медициналық жиһаз.
- Заманауи хирургиялық құралдар.
Септикалық ота жасау бөлімі
1-қабатта орналасқан, 2 ота жасау залынан тұрады.
Бұл жерде инфекциялық асқынулары бар науқастарға оталар жүргізіледі.
Жабдықталуы:
- Жарық бөлмелер, табиғи желдету жүйесі.
- Арнайы медициналық жиһаз.
- Заманауи хирургиялық құралдар.
Ота жасау бөлімінің меңгерушісіГадоборщев Мусса Султанович