Политравма бөлімі 30 төсек-орынға есептелген және тірек-қимыл аппаратының оқшауланған жарақаттары мен біріктірілген жарақаттары бар пациенттерге медициналық көмек көрсетеді.
Бөлім құрамында 4 травматолог-дәрігер жұмыс істейді, олардың ішінде:
- 4 дәрігер – жоғары санатты,
- 1 дәрігер – бірінші санатты.
Бөлімді С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ травматология және ортопедия кафедрасының мамандары қадағалайды. Біздің мамандар ТМД және алыс шетел клиникаларында біліктілігін арттырған.
Диагностика және емдеу әдістері
Бөлімде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған политравма және оқшауланған жарақаттарды диагностикалау мен емдеудің заманауи хаттамалары енгізілген.
Политравма кезінде «damage control» тактикасы қолданылады, бұл жарақат алған науқастардың жағдайын ерте кезеңде тұрақтандыруға мүмкіндік береді.
Сынықтарды бекіту үшін заманауи импланттар қолданылады, соның ішінде аз инвазивті технологиялар:
- Бекіткіш өзектер,
- Бұрыштама тұрақты пластиналар.
Қазіргі заманғы диагностика және емдеу хаттамаларының, сондай-ақ отандық және шетелдік сапалы импланттардың қолданылуы емдеу ұзақтығын қысқартып, науқастардың өмір сүру сапасын жақсартады.
Бөлім меңгерушісі – Тусупов Даурен Мейрамханович.
Жоғары санатты травматолог-ортопед. Медицина ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы Көпжарақат бөлімшесінің меңгерушісі
Набиев Ергали Нугманович

Тусупов Даурен Мейрамханұлы










