Күйік бөлімшесі – ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНА
Бөлімшесі туралыМамандарПрейскурант

Биконуров Нуржан Омарович – бөлімше меңгерушісі, комбустиолог дәрігері, Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас комбустиологы.

Күйік бөлімшесі еліміздің ең ірі күйік орталықтарының бірі болып табылады. Жыл сайын күйік және оның салдарынан зардап шеккен науқастар медициналық көмекке жүгінеді.

Күйік бөлімшесінің тарихы өткен ғасырдың қиын-қыстау 40-жылдың аяғынан бастау алады. Сол уақытта мамандар термиялық зақымдануды емдеу мәселелерін әзірлеумен айналысты. Кейін осы бағытта бөлімшеде күйік пен үсіктің трансфузиологиялық және хирургиялық емдеу жолдары шоғырланып, 70-жылдардың басында күйік бөлімшесі №4 Қалалық клиникалық аурухана базасында ашылды.

Термиялық жарақат бөлімшесіне тоқталсақ – бұл заманауи жабдықталған құрылымдық бөлімше болып табылады. Бөлімшеде күйік және оның салдарынан зардап шеккен науқастарға тәуілік бойы жоғары мамандандырылған стационарлық, амбулаториялық және консультациялық медициналық көмек көрсетіледі.

Күйік бөлімшесі 15 төсек-орынға арналып жұмыс істейді, тәулік бойы ауруханада күйіктің барлық түрлері бар (термиялық, химиялық, сәулелі, электр күйіктер) науқастарды қабылдайды. Науқастар жедел жәрдем немесе ілеспе көлігімен қабылдау бөлімшесінің жедел қызметіне жеткізіледі. Ауруханаға түскеннен кейін жарақаттың ауырлық дәрежесіне немесе жалпы жағдайына негізделген, ілеспе жарақатына сәйкес оларды күйік бөлімшесі немесе қарқынды терапия бөлімшесіне жатқызылады.

Ауруханаға түскен кезде хирургиялық көмек ретінде күйік жарасының жұмсақ әдіспен сүртіп-тазалаумен, жақпа май таңғыштар салумен шектеледі. Аяқ-қолдың, дененің айналмалы күйігі кезінде декомпрессивті некротомия жүргізіледі. Терең күйік жаралары болған жағдайда, операциялық емдеу көрсеткіштері бойынша күйік бөлімшесінде операвтивтік араласу жүзеге асырылады. Сондай-ақ, қалпына-келтіру операциялары және иммунотүзету, сіңіру терапиясын жүргізу үшін келіп түскен термиялық жарақаттар (деформациялар, контрактуралар, патологиялық тыртықтар мен тұқылдар) салдарымен ауыратын науқастарға, сондай-ақ жарақаттардың тері-пластикалық жабылуына мұқтаж әртүрлі этиологиядағы ауқымды түйіршіктеу жарақаттары бар науқастарға жоспарлы медициналық көмек көрсетіледі.

Термиялық жарақат бөлімінде күйіктерді белсенді хирургиялық емдеу қағидалары, сондай-ақ бірқатар жаңа әдістемелер меңгерілді және енгізілді. Атап айтқанда, экспандерлі дермотензия; имун статусын түзету; бастың шаш бөлігіне косметикалық операциялар; полиорган жетіспеушілігін емдеуге арналған кешенді амал-тәсілдер; теріні ауыстыруға жедел дайындау үшін күйік жараларын ультрадыбыстық тазалау, терең күйік жараларын теріс қысыммен емдеу жүргізіледі.

Күйік бөлімшесінің Алматыдағы ірі көп бейінді ауруханалардың бірінде орналасуы ауыр аралас және көп факторлы зақымданулары бар науқастарға көмек көрсету мүмкіндігін едәуір кеңейтеді. Күйік орталығы заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған. Бөлімше заманауи стандарттарға сай қажетті емдік және қосалқы үй-жайлары бар жаңа, кең ғимаратта орналасқан. Термиялық жарақат бөлімшесінің пациенттері барлық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған ыңғайлы 3 кісілік, 2 кісілік және 1 кісілік палаталарға жатқызылады.

Ауыр зардап шеккен науқастар – ауыр күйік, күйік шогы, тыныс алу жолдарының зақымдануы, қан кету, ағзаның өмірлік маңызды функцияларының бұзылуы-күйік орталығының реанимациялық бөлімшесіне түседі. Бөлімше реанимациялық іс-шаралар, қарқынды терапия және бақылау жүргізу үшін барлық қажетті жабдықтармен жабдықталған. Өмірлік маңызды көрсеткіштерді мониторлы жүйелер қадағалайды, дәрілік препараттардың арнайы дозаторлары тағайындауларды нақты және ұқыпты “орындайды”, заманауи тыныс алу аппаратурасы ауыр науқастың ағзасындағы аздаған өзгерістерді байқап, өзгерген жағдайға ең оңтайлы емдеу тәртібін таңдайды. Бұл реанимация бөлімшесінің мүмкіндіктерінің аз ғана тізімі.

Сондай-ақ, кең ауқымды күйік жарасы бар емделушілерге арналған күйікке қарсы кереуеттер деп аталатын “Redactron” аэротерапиялық флюидизациялық қондырғылары да бар.

Термиялық жарақат бөлімшесінде жоғары білікті хирург, реаниматолог мамандар қызмет етеді және елдің барлық жетекші күйік орталықтарымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Бөлімшеде ТМД елдерінің заманауи технологиялары негізінде жоғары кәсіби күтімді жүзеге асыратын мейірімді мейірбикелер қызметі жұмыс істейді.

Жоғары білікті кадрлар мен заманауи жабдықтар емдеу процесінде терең күйіктерді ерте хирургиялық емдеудің жоғары тиімді технологияларын белсенді пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл орташа статистикалық көрсеткіштермен салыстырғанда, күйгендердің емдеу мерзімін 2 есе қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл ретте ұзақ емделуге байланысты пациенттердің азап шегу мерзімінің қысқаруы туралы айтпағанда, емдеудің функционалдық және косметикалық нәтижелері айтарлықтай жақсарады.

Күйіктің өзі, жиі мүгедектікке немесе күйікті бастан кешкен науқастар әлеуметтік дезадаптацияға тап болады, ал тыртық салдары қорқынышты көрінеді. Сондықтан да біз тыртықпен күрестің заманауи әдістеріне баса назар аударамыз. Бұл арнайы шиналармен жаттығулар, физиотерапиялық емшаралар, тиімді тырысқаққа қарсы препараттар мен косметикалық ақаулардың “камуфляж” құралдары, заманауи арнайы компрессиялық киімдерді, силиконды қоспаларды пайдалану жатады.

№4 Қалалық клиникалық аурухана “Апаттар медицинасы” қалалық қызметі жүйесіндегі базалық мекемелердің бірі болып табылады. Күйік орталығы қаланың барлық топтық объектілерінде, ал жиі жағдайда– жалғай жерлерге көмек көрсетуге қатысады.

Қызметкерлердің тәжірибесі, біліктілігі, олардың отандық медицинаның үздік дәстүрлеріне бейімділігі №4 ҚКА күйік орталығы мамандарының уақытылы және білікті көмегінің кепілі болып табылады.

Биконуров Нуржан Омарович

Заведующий ожогового отделения

Поиск услуги в прейскуранте:

Наименование услуг Единица измерения Сумма (тг.)
Термический ожог 0-20 % поверхности тела I-II ст. Койко-день 8970
Термические и химические ожоги области плечевого пояса и верхней конечности, исключая запястье и кисть II-III-IV cт. Койко-день 9090
Термический ожог 0-39% поверхности тела I-II-III А Койко-день 9090
Термический ожог 40-49% поверхности тела I-II-III АБ Койко-день 9250
Термический ожог 50-90% поверхности тела I-II-III АБ Койко-день 9470
Послеожоговые рубцы Койко-день 11280
Пролежни, раны другой этиологии Койко-день 9090
Термические и химические ожоги области плечевого пояса и верхней конечности,исключая запястье и кисть II-III-IV cт. Операция 29560
Термический ожог 40-49% поверхности тела I-II-III АБ исключая запястье и кисть II-III-IV cт. Операция 31900
Термический ожог 50-90% поверхности тела I-II-III АБ Операция 36915
Ампутация, экзартикуляция, некрэктомия , Артрозу как в «термич.ожог. 40-49% I-II-III АБ» Операция 41400
Реконструктивно-восстановлительный операции (на рубцах и контрактурах) назначения как в термич.ожог 40-49% I-II-III АБ Операция 48180
Пластические операции на рубцах Операция 54530
Аутодернопластики и прочие операции Операция 39900
Күйік бөлімшесі