
Магистр MBA, жоғары санатты травматолог-ортопед дәрігері, «Болашақ» Халықаралық стипендиясының иегері.
2004 жылы С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Мемлекеттік Медициналық Университетінің, емдеу ісі мамандығын аяқтаған, 2009 жылы Санкт-Петербург қ., Ресей, С.М. Киров атындағы Әскери-Медициналық Академиясында, ординатураның комбустиология мамандығын аяқтаған. Еңбек жолын 2009 жылы Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасы ШЖҚ «№4 қалалақы клиникалық аурухана» КМК, күйік бөлімінде ординатор дәрігер лауазымынан бастап, бөлім меңгерушісіне дейін қызмет атқарып, қазіргі уақытта директордың медицина ісі жөніндегі орынбасары лауазымында қызмет атқаруда.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» және «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгілерімен марапатталған.
