Денсаулық – бұл барлық адамдар үшін ең басты құндылық.
Міндетті медициналық сақтандыру 2017 жылы Қазақстанда басты енгізулердің бірі болды. Егер бұрын медициналық сақтандыру көптеген жылдар бойы санатта ерікті ретінде жүзеге асырылған болса, Қазақстанда міндетті медициналық сақтандыруды енгізу өзімен бірге орасан зор өзгерістер әкеледі.
Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі Қазақстанға заманмен қатар жүруге, сондай-ақ сақтандыру нарығын одан әрі дамытуды ынталандыруға көмектеседі. Өйткені, әлемнің дамыған мемлекеттерінде медициналық сақтандыру қолданылатыны және өмірдің негізгі бөлігі болып табылатыны ешкімге құпия емес.
Мемлекет тегін медициналық көмекке кепілдік береді:
- Жедел медициналық көмек және санитарлық авиация;
- Уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулар, әлеуметтік маңызы бар аурулар кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек алуға құқығы жоқ адамдарға көрстілетін амбулаториялық-емханалық көмек. бастапқы; бастапқы медициналық-санитарлық көмек маманының және профилдік мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмек;
- Стационарлық көмек: жоспарлы стационарлық көмек – тек қана уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулар, әлеуметтік маңызы бар аурулар кезінде, – уәкілетті орган айқындайтын емдеуге жатқызу жағдайларының жоспарланған санының шеңберінде бастапқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша; шұғыл көрсетімдер бойынша – жолдаманың бар-жоғына қарамастан;
- Уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулар, әлеуметтік маңызы бар аурулар кезінде, – бастапқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша стационарды алмастыратын көмек;
- Профилактикалық егулер.
МӘМС-ға келесі кіреді:
- Келесіні қамтитын амбулаториялық-емханалық көмек (уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулар, әлеуметтік маңызы бар аурулар кезінде медициналық көмекті ескермегенде): бастапқы медициналық-санитарлық көмек маманының және профилдік мамандардың жолдамасы бойынша бастапқы медициналық-санитарлық көмек, консультациялық-диагностикалық көмек;
- Дәрігердің рецепті бойынша амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету;
- Жоспарлы стационарлық көмек (уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулар, әлеуметтік маңызы бар аурулар кезінде көрсетілітін медициналық көмекті қоспағанда): жоғары технологиялық медициналық қызметтерді қоса алғанда емдеуге жатқызу жағдайларының жоспарланған санының шеңберінде бастапқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша, шұғыл көрсетімдер бойынша – бастапқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе медициналық ұйымның жолдаманың бар-жоғына қарамастан;
- Стационарды алмастыратын көмек (уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулар, әлеуметтік маңызы бар аурулар кезінде көрсетілітін медициналық көмекті қоспағанда) – бастапқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша.
Міндетті медициналық сақтандыруды енгізгеннен кейін халық келесі мәселелердің соңына жиі түсе бастады: “Қашан төлеу керек?”, “Кім үшін төлеу керек?”, “Қанша төлеу керек?”, “Қалай төлеуге болады?”, “Не үшін төлеу керек?”.
Осы мақаладан Сіз төлеушілер санаттары бойынша жиі қойылатын сұрақтарға жауап ала аласыз.
Жұмыс берушілер
Қашан төлеу керек?
|
Кім үшін төлеу керек?
|
Жұмыскердің жалақысынан қанша төлеу керек?
|
Қалай төлеуге болады?
|
Ай сайын 2017 жылғы 1 шілдеден бастап
|
өз жұмыскерлері үшін
|
2017 ж.
|
1%
|
1.Кез келген ЕДБ немесе “Қазпошта” бөлімшесі арқылы жарнаны келесі шотқа аудару қажет: KZ92009MEDS368609103
БСН 160440007161,БСК GCVPKZ2A
Төлем тағайындау коды – 121
! Алушының ЖСН және аты-жөнін дұрыс көрсету маңызды
2. 2-3 жұмыс күні ішінде қаражатты қайтаруды тексеру. Егер қайтару болмаса, төлем сәтті өтті.
3. Салық органдарына есепті дайындау және тапсыру.
4. Жұмыскерлеріне төлем аударылғаны туралы хабар ету.
! МӘМС бойынша берешек 12 айдан аспайтын мерзімде өтеледі.
|
2018-2019 жж.
|
1,5%
|
2020 ж.
|
2%
|
2022 ж.
|
3%
|
Егер Сіздің жұмыскерлеріңіз 14 жеңілдікті санаттардың біріне кіретін болса, онда олар үшін аударымдар жасаудың қажеті жоқ. Жеңілдікті санаттағы азаматтар үшін төлемді мемлекет енгізеді.
|
Жеке кәсіпкерлерге (ЖК,жеке нотариус,адвокат,кәсіби медиатор)
Қашан төлеу керек?
|
Кім үшін төлеу керек?
|
Қанша төлеу керек?
|
Қалай төлеуге болады?
|
ЖК ретінде өзі үшін 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап ай сайын.
! Оңайлатылған тәртіппен жұмыс істейтін ЖК-лер 2017 жылдың 6 айы үшін өздері үшін жарналарды 2018 жылдың 25 ақпанына дейін төлейді.
|
- өзі және өзінің жұмыскерлері үшін
- өз үшін ИП ретінде
- жұмыскерлер үшін – жұмыс беруші ретінде
|
Өзі үшін 2018-2019 жж.
|
төлемейді
|
1. Кез келген ЕДБ немесе “Қазпошта” бөлімшесі арқылы жарнаны аудару қажет.
Жарналарды ай сайын, сондай-ақ әрбір ай үшін аванс ретінде жеке төлем тапсырмасы/хабарламасы бойынша төлеп отыруға болады.
Жұмыс берушінің төлем тағайындау коды: 121
ЖК төлем тағайындау коды: 122
! Алушының ЖСН және аты-жөнін дұрыс көрсету маңызды
2. 2-3 жұмыс күні ішінде қаражатты қайтаруды тексеру. Егер қайтару болмаса, төлем сәтті өтті.
3. Салық органдарына есепті дайындау және тапсыру.
4. Жұмыскерлеріне төлем аударылғаны туралы хабар ету.
МӘМС бойынша берешекті өтеуге болады. Бірақ төлем жасау күнін қоса алғанда әрбір кешіктірілген күн үшін қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 2,5-еселенген мөлшерінде өсімақы есептеледі.
! МӘМС бойынша берешек 12 айдан аспайтын мерзімде өтеледі.
|
2020 ж. 1 қаңтардан бастап
|
2 ЕТЖ-ң 5%
|
Жұмыс беруші ретінде жұмыскерлері үшін 2017 жылғы 1 шілдеден бастап ай сайын.
|
ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР санатын көр.
|
Егер Сіздің жұмыскерлеріңіз 14 жеңілдікті санаттардың біріне кіретін болса, онда олар үшін аударымдар жасаудың қажеті жоқ. Жеңілдікті санаттағы азаматтар үшін төлемді мемлекет енгізеді.
|
Шаруа қожалықтары мүшелеріне (ШҚ жұмыскері болып табылмайтын)
Қашан төлеу керек?
|
Кім үшін төлеу керек?
|
Қанша төлеу керек?
|
Қалай төлеуге болады?
|
2020 жылғы 1 қаңтардан бастапЖарналарды 3, 6 немесе 12 ай үшін алғытөлеммен төлеуге болады
|
Өзі үшін
|
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап
|
1 ЕТЖ-ң 5%
|
1. Кез келген ЕДБ немесе “Қазпошта” бөлімшесі арқылы жарнаны аудару қажет.
Жарналарды ай сайын, сондай-ақ әрбір ай үшін аванс ретінде жеке төлем тапсырмасы/хабарламасы бойынша төлеп отыруға болады.
Төлем тағайындау коды: 122
! Алушының ЖСН және аты-жөнін дұрыс көрсету маңызды
2. 2-3 жұмыс күні ішінде қаражатты қайтаруды тексеру. Егер қайтару болмаса, төлем сәтті өтті.
3. Салық органдарына есепті дайындау және тапсыру.
4. Жұмыскерлеріне төлем аударылғаны туралы хабар ету.
! МӘМС бойынша берешек 12 айдан аспайтын мерзімде өтеледі.
|
Шаруа қожалығының иесі (сіз шаруа қожалығының иесі болсаңыз)
Қашан төлеу керек?
|
Кім үшін төлеу керек?
|
Қанша төлеу керек?
(жұмыскерлердің жалақысынан)
|
Қалай төлеуге болады?
|
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап
|
Өзі үшін
|
Өзі және өзінің жұмыскерлері үшін. Өзі үшін ЖК ретінде, жұмыскерлері үшін – жұмыс беруші ретінде
|
2017 ж.
|
1%
|
1. Кез келген ЕДБ немесе “Қазпошта” бөлімшесі арқылы жарнаны аудару қажет.
Жұмыс берушінің төлем тағайындау коды: 121
ЖК төлем тағайындау коды: 122
Алушының ЖСН және аты-жөнін дұрыс көрсету маңызды.
2. 2-3 жұмыс күні ішінде қаражатты қайтаруды тексеру. Егер қайтару болмаса, төлем сәтті өтті.
3. Салық органдарына есепті дайындау және тапсыру.
4. Жұмыскерлеріне төлем аударылғаны туралы хабар ету.
! МӘМС бойынша берешек 12 айдан аспайтын мерзімде өтеледі.
|
2017 жылғы 1 шілдеден бастап
|
Жұмыскерлер үшін
|
2018-2019 жж.
|
1,5%
|
! Арнайы режим бойынша жұмыс істейтін ЖК нысанында жұмыс істейтін шаруа қожалықтары 2017 жылдың 6 айы үшін 2018 жылғы 25 сәуірге дейін жарналарды төлейді.
|
2020 ж.
|
2%
|
2020 ж. кейін
|
3%
|
!! Маусымдық жұмыскерлер үшін төлемдерді аудару олардың жұмыс істеу кезеңі үшін жүргізіледі. Осылай, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 30-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес еңбек шартын маусымдық жұмысты орындау уақытына жасауға болады.
Еңбек шарттарының мерзімі аяқталған соң жұмыскерлерге 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 1 ЕТЖ-ның 5% мөлшерінде төлемдерді (жарналарды) өз бетімен жасау қажеттілігі туралы хабар ету маңызды.
!!! Жұмыскерге 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс беруші төлемдер жасаудан бөлек есептеу объектісінің 1% мөлшерінде жұмыскердің жарналарын ұстап қалып және төлеп отыратыны туралы білу маңызды. Жарналарды есептеу объектісі есептелген табыс болады. Бұл ретте, жарналарды есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы объект жеке тұлғаның барлық табыс түрлерінің сомасы бойынша есептелуі тиіс және он бес еселенген жалақының
|
Азаматтық-құқықтық сипаттағы келісім шарты бойынша жұмыс істейтін жеке тұлға
Егер сіз азаматтық-құқықтық сипаттағы келісім шарты бойынша жұмыс істейтін жеке тұлға болсаңыз
Қашан төлеу керек?
|
Кім төлейді?
|
Қанша төлеу керек?
|
Қалай төлеуге болады?
|
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап шарттың қолданылу мерзімі ішінде ай сайын
|
Сіздің табысыңыздан жарналарды қызмет алушы (салық агенті) ұстап қалады және аударады
|
2020 ж.
|
Шарт бойынша алынған табыстан 1%
|
Қызмет алушы Сізге МӘМС-ға салынған жарналар туралы хабарлауы тиіс;
Сіз e-gov.kz порталы немесе Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы МӘМС-ға төлемдер тарихын тексере аласыз.
Мынаны білу маңызды:
1) Егер есепті кезеңде басқа көздерден жарна салынған болса және есептеу объектісі 15 ЕТЖ құраған болса Сізге шарт бойынша МӘМС-ға жарна төлемеуіңізге болады;
2) Сіз МӘМС жүйесінде медициналық көмекті 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап ала аласыз;
3) Сіз емхана мен салалық мамандарды өз таңдауыңыз бойынша таңдай аласыз.
МӘМС бойынша берешекті өтеуге болады. Бірақ төлем жасау күнін қоса алғанда әрбір кешіктірілген күн үшін қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 1,25-еселенген мөлшерінде өсімақы есептеледі.
|
2021 ж.
|
2%
|
! Есептеу объектісі 15 ЕТЖ-н аспау қажет
|
Жалдамалы жұмыскерлерге
Қашан төлеу керек?
|
Кім төлейді?
|
Қанша төлеу керек (жалақыдан)?
|
Қалай төлеуге болады?
|
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап ай сайын. Жалдамалы жұмыскерлердің табысынан жұмыс берушілер жарналарды ұстап қалады және төлейді
|
2017 жылғы 2017 жылғы жұмыскерлер үшін төлемдерді жұмыс беруші жасайды. Сонымен қатар, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс беруші ай сайын жұмыскердің жалақысынан жарналарды ұстап қалып оларды Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударады.
|
2020 ж.
|
1%
|
Жұмыс беруші Сізге МӘМС-ға жүзеге асырылатын жарналар мен аударымдар туралы хабарлап отыруы тиіс;
Сіз e-gov.kz порталы немесе Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы МӘМС-ға төлемдер тарихын тексере аласыз.
Мынаны білу маңызды:
1) Сіз МӘМС жүйесінде медициналық көмекті 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап ала аласыз;
2) Сіз емхана мен салалық мамандарды өз таңдауыңыз бойынша таңдай аласыз.
|
Тұрақты табысы жоқ және мемлекеттен МӘМС-ға сақтандыру алатын азаматтардың жеңілдікті санаттары тізіміне кірмейтін жеке тұлғалар
Қашан төлеу керек?
|
Кім үшін төлеу керек?
|
Қанша төлеу керек?
|
Қалай төлеуге болады?
|
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап ай сайын
|
Өзі үшін
|
1 ЕТЖ-ң 5%
|
1. Кез келген ЕДБ немесе “Қазпошта” бөлімшесі арқылы жарнаны аудару қажет.
Жарналарды ай сайын, сондай-ақ әрбір ай үшін аванс ретінде жеке төлем тапсырмасы/хабарламасы бойынша төлеп отыруға болады.
Төлем тағайындау коды: 122
! Алушының ЖСН және аты-жөнін дұрыс көрсету маңызды
2. 2-3 жұмыс күні ішінде қаражатты қайтаруды тексеру. Егер қайтару болмаса, төлем сәтті өтті.
3. Өзін жарналар төленген адамдар тізімінде тексеру:
4. Сіз e-gov.kz порталы немесе Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы МӘМС-ға төлемдер тарихын тексере аласыз,
! МӘМС бойынша берешек 12 айдан аспайтын мерзімде өтеледі.
Мынаны білу маңызды:
1) Қандай да бір себептермен өз мәртебесін жұмыссыз ретінде тіркеп мемелкет есебінен сақтандыруды алуды жоспарламай отырған өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық үшін МӘМС-ға төлем жасау міндеттеме ретінде емес, символикалық ақша сомасы үшін МӘМС шеңберінде сомасы бойынша шектеусіз медициналық қызметтер пакетін алу мүмкіндігі ретінде енгізілді.
Не болса да келесіні таңдау құқығы науқаста болады: ТМККК пакетімен шектелу, жеке клиникада өз ақшасы есебінен емделу, не барлық қажетті жарналарды төлеп және егер ол пайда болған жағдайда 12 айға дейінгі қарызды өтеп МӘМС жүйесіне кіру.
2) Сіз МӘМС жүйесінде медициналық көмекті 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап ала аласыз.
3) Сіз емхана мен салалық мамандарды өз таңдауыңыз бойынша таңдай аласыз.
|
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 1 шілдедегі № 389 қаулысына сәйкес “Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” коммерциялық емес акционерлік қоғамы құрылғаны туралы айта кету керек, оның мақсаты – азаматтарды сапалы медициналық көмекпен жалпыға бірдей қамтуды қамтамасыз ету, көрсетілетін медициналық көмектің сапасын қолдау, Қорды стратегиялық медициналық көмекті сатып алушы ретінде дамыту болып табылады.
Ақпарат көзі: “Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры”