
Инсульт бөлімі 2013 жылғы 1 шілдеде Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының 2013 жылғы 22 мамырдағы №297 бұйрығына сәйкес «Инсульттік орталықтарды ашу туралы» қолданыстағы неврология бөлімшесінің негізінде ашылды.
Бөлімде орталық және перифериялық жүйке жүйесі ауруларымен ауыратын науқастарға емдеу жүргізіледі:
Ми мен жұлынның тамырлық аурулары:
- Миға қан құйылу;
- Ми инфаркті;
- Прогрессивті тамырлық энцефалопатия;
- Жедел гипертониялық энцефалопатия;
- Өтпелі ишемиялық шабуыл;
- Созылмалы энцефалопатия;
- Күрделі вертеброгенді радикулопатия, дискогенді миелорадикулопатия;
- Невралгия және неврит;
- Плексопатия;
- Прогредиентті полинейропатиялар;
- Постгерпетикалық невралгия.
Жүйке жүйесінің қабыну аурулары:
- Менингит, менингоэнцефалит (туберкулезді менингит пен жедел инфекциялық аурулардағы менингитті қоспағанда);
- Энцефалит;
- Жедел миелит;
- Созылмалы лептоменингит, бас миының жарақаттық аурулары және басқа да жағдайлар аясында гипертензиялық-гидроцефалиялық синдром (хирургиялық түзетуді қажет етпейтін);
- Әртүрлі ми ауруларында (қабыну зақымданулары, тамырлық патология, жарақаттан кейінгі жағдайлар) кездесетін эпилепсия: алғаш рет пайда болған эпилепсиялық ұстамалар (диагнозды нақтылау үшін).
Диагностикалық зерттеулер:
- Қазіргі заманғы жабдықтарда жүргізілетін кең ауқымды зертханалық зерттеулер (қан, несеп, жұлын сұйықтығының талдауы);
- Электрокардиография, тәуліктік кардиограмма мен қан қысымын бақылау, ЭХО-КГ;
- Бас және мойын тамырларының УДЗ;
- Реоэнцефалография;
- Рентгенография;
- Ішкі ағзалардың УДЗ, ФГДС.
Арнайы аспаптық және зертханалық зерттеулер:
- Компьютерлік томография (КТ);
- Магнитті-резонанстық томография (МРТ);
- Брахиоцефалиялық артериялардың транскраниалдық доплерографиясы (интракраниалды деңгей);
- Электроэнцефалография;
- Холтерлік ЭКГ мониторингі;
- Тәуліктік артериалды қысым мониторингі (СМАД);
- Қанның реологиялық қасиеттерін зерттеу (коагулограмма, D-димер, қанның ұю уақыты);
- Липидтік профильді зерттеу (липидограмма).
Ерте оңалту кезеңінде қолданылатын әдістер:
- Арттерапия;
- Менталды гимнастика;
- Ине рефлексотерапиясы;
- Әртүрлі емдік дене шынықтыру (ЛФК) әдістері;
- Физиотерапия;
- Гипербариялық оксигенация (ГБО);
- Ерте вертикализация;
- Психологпен жұмыс.
Науқастарды тексеру және емдеу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметтердің сапасы жөніндегі Біріккен комиссиясы бекіткен клиникалық хаттамалардың ұсынымдарын ескере отырып жүргізіледі. Инсульттің уақытылы диагностикасы үшін қабылдау бөлімінде тәулік бойы шұғыл науқастарды қабылдайтын кезекші невропатологтар тобы ұйымдастырылған.
Заведующая отделением неврологииМухангалиева Динара Гибадатовна