Қымбатты әріптестер, біздің парақшамызға жазылушылар және емделушілер, Сіздерді Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
1990 жылы 25 қазанда қабылданған Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қасиетті Тәуелсіздігімізге жол ашты.
Былтырдан бері Республика күнін жаңаша атап өтетін болдық – бұл халықтың рухын көтеретін, мемлекеттілікті, бірлігіміз бен ынтымағымызды нығайта түсетін жарқын мереке.
«Қайта жаңғырған мерекеге орай бүгін біз осы салтанатты жиынды өткізіп отырмыз. Бұл біздің ұлтжандылықты, халқымыздың рухын, ұлттық болмысымызды нығайтуға қосқан үлесіміз. Баршаңызға мол бақыт, зор денсаулық, отбасыңызға амандық, ашық аспан тілеймін! Жүрегімізде шаңырақтың жылуы сөнбесін, туған жерге деген сүйіспеншілік бізді әрқашан еліміздің гүлденуі жолында жаңа жетістіктерге жетуге жетелей берсін!», – деп атап өтті аурухана директоры Біржан Досмаилов.
Сонымен қатар бір неше қызметкерлер мемлекеттік наградалармен, Алғыс хаттармен және Мақтау қағаздармен марапатталды.