№4 Қалалық клиникалық ауруханада Ашық есік күні өтті – ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНА
№4 Қалалық клиникалық ауруханада Ашық есік күні өтті

№4 Қалалық клиникалық ауруханада Ашық есік күні өтті. Терапевт кеңесін 53 адам алды, кардиологқа 37 адам жүгінді, невропатологтың консультациясына 22 адам жазылды. 49 адам қандағы қант пен холестерин деңгейін анықтау үшін зерттеу жүргізді. ЭКГ зерттеуін 37 адам өтті.

Келушілерге №4 Қалалық клиникалық аурухананың жетекші мамандары, сондай-ақ Клиникада орналасқан С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ және Қазақстан-Ресей медициналық университеті кафедраларының қызметкерлері кеңес берді.

Қан айналымы жүйесінің аурулары көптеген елдердің тұрғындары арасында мүгедектік пен өлімнің негізгі себебі болып табылады. Жүрек және қан тамырлары аурулары еңбекке қабілетті жастағы адамдар арасында жиі кездеседі.

  • АТЕРОСКЛЕРОЗ – майлар артериялардың қабырғаларына жиналып, дәнекер тінінің пайда болуына (атеросклеротикалық түйіншектер) және тамырлардың арнасының тарылуына әкеледі. Атеросклероздың «сүйікті» жерлері – қолқа, тәждік, сан, тақым, ұйқы артериялары және ми артериясы.
  • ЖҮРЕКТІҢ ИШЕМИЯЛЫҚ АУРУЫ – жүрек бұлшықетіне оттегінің берілуі оның қажеттіліктерін қамтамасыз етпейді, нәтижесінде жүрек қызметі бұзылады (стенокардия, миокард инфарктісі және кенеттен болған жүрек өлімі).
  • КҮРЕТАМЫРЛЫ ҚЫСЫМНЫҢ КӨТЕРІЛУІ – күретамырлық қысымның жоғарылауы. Бұл жағдай систолалық қан қысымы 140 мм сынап бағанасынан жоғары (немесе тең) болған кезде және (немесе) диастолалық қысым 90 мм сынап бағанасын құраған немесе одан жоғары болған кезде жіктеледі.
  • ГИПОТОНИЯ – систолалық және диастолалық қысымның қалыпты деңгейден бір мезгілде төмендеуі.
  • ТАЛЫП ҚАЛУЛАР – барлық бұлшықет топтарының әлсіздігімен, қан қысымының төмендеуімен және үстіртін тыныс алумен бірге кенеттен қысқа мерзімді сананың жоғалуы. Талып қалулар ми қан айналымының уақытша жедел жетіспеушілігіне байланысты дамиды.
  • ВТД Нейроциркуляциялық дистония (вегето-тамырлы дистония) –жүрек-қан тамырлары жүйесінің ауруы, ол әртүрлі белгілермен көрінетін жүйке және гормондық реттелудің бұзылуына негізделген.
  • ЖҮРЕКТІҢ ІШКІ ҚАБЫҒЫНЫҢ (ЭНДОКАРД), ЖҮРЕК БҰЛШЫҚЕТІНІҢ (МИОКАРД) ЖӘНЕ ЖҮРЕК ҚАБЫНЫҢ (ПЕРИКАРД) АУРУЛАРЫ, ИНФЕКЦИЯЛЫҚ ЭНДОКАРДИТ – микробтар тудыратын жүректің ішкі қабығының қабынуы, бұл жүрек қақпақшаларының бұзылуына және олардың қызметінің бұзылуына әкеледі.
  • ЖҮРЕК АҚАУЛАРЫ – жүрек қызметін бұзатын жүрек құрылымындағы тұрақты патология.
  • ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ – жүректің жұмысы қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті тіндерге жеткілікті қанмен қамтамасыз етпейді.
  • ЖҮРЕК СОҒУЫНЫҢ ЫРҒАҚСЫЗДЫҒЫ – жүректің жиырылуының реттілігі мен жиілігінің бұзылуы.
№4 Қалалық клиникалық ауруханада Ашық есік күні өтті