
Республика күні қарсаңында №4 қалалық клиникалық аурухана алматылықтарды Ашық есік күніне шақырады.
Іс-шара 2025 жылғы қазанның 23-інде сағат 11:00-14:00 аралығында аурухананың клиникалық-диагностикалық орталығында өтеді.
Іс-шараның мақсаты – медициналық көмектің қолжетімдігін арттыру, тұрғындарды аурудың алдын алу мен ерте анықтау мүмкіндігі жөнінде хабардар ету, сондай-ақ дәрігер мен пациент арасындағы сенімді нығайту.
Қабылдауды клиниканың жетекші мамандары:
– Е.Н. Набиев – медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР еңбек сіңірген өнертапқышы;
– М.О. Жумагулов – ортохирургия бөлімшесінің меңгерушісі;
– М.Г. Аубакиров – эндопротездеу бөлімшесінің меңгерушісі, ҚР Денсаулық сақтау үздігі;
– У.К. Алматаев -хирургия бөлімшесінің меңгерушісі;
– Н.О. Ажибеков – нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі;
– Б.Т. Абдалиев – күндізгі стационар меңгерушісі;
– А.А. Федотов – сүйек-іріңді хирургия бөлімшесінің меңгерушісі;
– А.Н. Кадырбеков – жоғары санатты уролог-дәрігер;
– Ж.К. Саулиева – терапия бөлімшесінің меңгерушісі;
– Г.И. Чанбаева – кардиология бөлімшесінің меңгерушісі;
– Л.Б. Сайдинова – физиотерапия және оңалту бөлімшесінің меңгерушісі;
– Д.Г. Мухангалиева – инсульт орталығының меңгерушісі жүргізеді.
Мекенжайымыз: Алматы қаласы, Папанин көшесі, 220
Өтетін уақыты: 23.10.2025 ж. 11:00-14:00
Барлық қала тұрғынына тегін дәрігерлік кеңес пен негізгі денсаулық көрсеткішін өлшеу қызметі көрсетіледі.
Мамандардан кәсіби кеңес алып, денсаулығыңызға қамқор болыңыз!
