4 – Алматы қалалық ауруханасы , неврология бөлімшесі меңгерушісі : Мухангалиева Динара Ғибадатқызына – ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНА
4 – Алматы қалалық ауруханасы , неврология бөлімшесі меңгерушісі : Мухангалиева Динара Ғибадатқызына

Алғыс

Келген едім алдына жүре алмай,
Езу тартып , әуелі  күле де алмай.
Елестетіп , бір орыс ,,Жуан әйел” ,
Тіл табуын қалайша біле алмай…

Кіп-кішкентай, сүйкімді қызды көріп,
Таң-тамаша күй кештім қалмай сеніп.
Міне ғажап , осындай қуыршақтың,
Айтқанына барлық жан қалған көніп !

Науқас жанға керегі, жылы қабақ,
Зейінімен тыңдады күле  қарап.
Дәл осындай көңілін көрген кезде,
Рахымына Алланың , тұрдым балап !

Деген кезде қызымын Ғибадаттың ,
Самалы есті жүзінен инабаттың.
Көргім келді сол кезде ынтам артып ,
Шын иесін осындай , ұлы аттың !

Алғысына халықтың бөленгені,
Деп біліңіз парыздың төленгені.
Алғыс айтқан әрбір жан Динараға ,
Ғибадаттық етуге кеп енгені…

Қызым сені көрейік  биіктерден !
Жана берсін еңбегің сүйіп келген !
Ата-анаңа мың алғыс, шын жүректен,
Ыстығың мен суыққа күйіп келген !

Алғыс иесі: Қуанышев Жәдігер Қалыбекұлы.

14-ақпан.2025жыл.
Алматы қаласы.

4 – Алматы қалалық ауруханасы , неврология бөлімшесі меңгерушісі : Мухангалиева Динара Ғибадатқызына