6 жыл азап шегу қазіргі уақытта артта қалды – ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНА
6 жыл азап шегу қазіргі уақытта артта қалды

2014 жылы Жандосәліби ЖКО-ға түсіп, нәтижесінде көптеген жарақат алды, сол жақ иық көп зардап шекті. Иықтың ауыруы мен ыңғайсыздығы оған апат туралы ұмытуға мүмкіндік бермеді. Жыл сайын сол қолдың қызметі көбірек шектелді, ауырсыну салдарынан қол іс жүзінде көтерілмеді, сондықтан Жандос бұлшық еттерін жоғалта бастады.

2021 жылдың сәуір айында қайғылы оқиғадан 6,5 жыл өткен соң Жандосәліби тәжірибелі травматолог Манарбек Газизович Аубакировтың алдына келеді.

«Диагноз: «lll-lV дәрежелі сол жақ иық буынының жарақаттан кейінгі артрозы. Ауырсыну синдромы». Ол 6 жыл бұрын жарақат алып, консервативті, бірақ нәтижесіз емделген. Соңғы жылдары бірлескен (буын) қозғалыстар шектеулі бола бастады, айқын контрактура пайда болды. Емделуге жатқызу бюросы порталы арқылы жоспарлы түрде ауруханаға түсті», – деді эндопротездеу бөлімшесінің меңгерушісі Манарбек Аубакиров.

№4 Қалалық клиникалық ауруханада науқасқа ота жасалды – сол жақ иық буынына «Evolutis»UNIC жалпы реверсивті эндопротездеуі жасалынды.

«Осы күнге дейін бірнеше дәрігерлердің алдында болдым, бұл отаны жасауға дайын еместіктерін айтып келген. Қазақстан бойынша сирек жасалатын отаны Манарбек Газизовичке жасатқаныма қуаныштымын. Алла бұл кісінің дәрежесін екі дүниеде де көтерсін. Халықтың игілігіне бөленіп батасын алып жүре берсін. Қазақстанда осы кісідей өз ісінің шеберіне барлық жағынан қолдау көрсету керек деп ойлаймын. Себебі мұндай мамандар қоғамға қазір тапшы. Манарбек ағамыз өзінің кәсіби біліктілігін қаншама жас буындарға үйретіп кетсе, бізде болашақта мұндай мамандар көп болады.Сол жас буынның бірі дәрігер Әбілда Еркебұлан Мұхамедиярұлына алғысымды айткым келеді. Жалпы эндопротез бөлімінде жасалып жатқан қайсы бір операциялар оңай емес, сондықтан Аубакиров Манарбек Газизович басқарып отырған ұжымның әрбір жасаған оталары сәтті шығып, халықтың ыстық ықыласына бөленуін тілеймін», – деп бөлісті Жандосәліби Сатымбекұлы.

6 жыл азап шегу қазіргі уақытта артта қалды