Бүгін 8 сәуір әлемдік нейрохирургия пионері Харви Уильямс Кушингтің туған күні. Бұл күні нейрохирург мамандар кәсіби мерекелерін атап өтеді. 4-ші қалалық ауруханада жылына 250-ден астам нейрохирургиялық барлық деңгейлі ота жасалады.
4-аурухана нейрохирургтары:
- Ажибеков Нұржан Орынтайұлы – бөлім меңгерушісі,
- Айтмұханов Тимур Мұратұлы,
- Сәрсекенова Сәндігүл Жеңісқызы,
- Никатов Қуаныш Абуұлы,
- Дубчев Дамир Ильдусұлы,
- Сеңгербеков Асылбек Кенжебекұлы,
- Алимбаев Жәнібек Арнұрұлы,
- Асқаров Ғабиден,
- Ахан Рахым Айдарұлы,
- Бекбаев Бауыржан Асқарұлы.
Кәсіби мамандар қатарында анестезиолог-реанимотологтар да бар. Кез-келген ота олардың қатысуымен өтіп, талай сырқат тәніне шипа тапты. Реабидитолог сырқаттардың қалыпты өмірге қайта оралуына көмектеседі. Ал мейірбикелер мен санитарлар жалпымкоманданың жұмысының жақсы әрі, сапалы өтуіне қолұшын береді.
Құрметті, адам жанының арашашысы болған әріптестер, кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Денсаулықтарыңыз зор, еңбектеріңіз елеулі, отбасыларыңыз аман болсын! Еңбектеріңіз еленіп, биік белестерді бағындыруларыңызға тілектеспіз!