Абсолютті рекорд: алматылық дәрігерлер денесінің 94 пайызын күйік шалған науқасты аман алып қалды. – ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНА
Абсолютті рекорд: алматылық дәрігерлер денесінің 94 пайызын күйік шалған науқасты аман алып қалды.

Антон әлі жарақатынан айығып үлгермеген және бетін көрсетпеуді өтінді, ауруханада 53 күн болған соң үйіне оралды.
30 наурызда күйік алған науқасты Алматы №4 қалалық клиникалық ауруханасына жеткізді. Ол шұғыл түрде жансақтау бөліміне жатқызылды, реаниматологтар Антонның өмірі үшін 20 күн күресті.

«30 наурызда көлігімнің аккумуляторы отырып қалды, аккумуляторды тұтатқанда тұтану орын алып, үстімдегі киімімнің бәрі дерлік өртке оранды. Ауыр күйіктер болды, қатты ауырды, қаншама операцияны бастан өткердім. Екі айға жуық дәрігерлер менің өмірім үшін күресті, бүгін мен қалыпты өмірге орала аламын – жүре аламын, өзімді күте аламын», – дейді Антон.

Науқас мамандандырылған күйік бөлімінде бір айдан астам уақыт жатты, күйік хирургтары оған бір мезгілде аутодермопластикамен некрэктомия отасын жасады. Басқаша айтқанда, олар күйік қабыршағын алып тастап, бүтін терімен жамады.

«Бұл бірегей жағдай деп атар едім – бас, бет, мойын, дене, аяқ-қолдың 94%-ының I-II-IIIa-IIIб дәрежесіндегі термиялық күйігі. Қазіргі уақытта науқастың күйік ауруы қалпына келу сатысында», – деді Алматы қаласының төртінші қалалық ауруханасының дәрігер-комбустиологы Диас Дәулетбеков.

Антон құтқарушыларына алғыс білдіріп, олардың есімдерін жариялауды сұрайды:

№4 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігерінің емдеу бөлімі бойынша орынбасары – Биконуров Нұржан Омарұлы;
Жансақтау бөлімінің меңгерушісі – Дәулетбеков Жандос Шымыртайұлы;
№4 қалалық клиникалық аурухананың күйік бөлімінің меңгерушісі – Әлменов Елдос Әділханұлы;
Комбустиолог – Андрей Федотов;
Комбустиолог – Дәулетбаев Диас Ермұханбетұлы;
Клиниканың орта және кіші медициналық персоналы.

Абсолютті рекорд: алматылық дәрігерлер денесінің 94 пайызын күйік шалған науқасты аман алып қалды.