Алматы №4 қалалық клиникалық аурухана қызметкерлері жүрек талмасына шалдыққан Ресей азаматын құтқарды. – ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНА
Алматы №4 қалалық клиникалық аурухана қызметкерлері жүрек талмасына шалдыққан Ресей азаматын құтқарды.

Юрий жұбайымен Алматыға Ресейдің Санкт-Петербург қаласынан достарына қонаққа келген. Демалыс жақсы өтіп, қонақтар қайтуға дайындалып жатқанда, физикалық жүктеме кезінде Юрий кеудесінде қатты ауырсыну, өлімнен қорқу сезімі мен ішкі мазасыздық, әлсіздікті сезінді. Дереу жедел жәрдем шақырылды.

Ауруханаға дейінгі кезеңде оған шұғыл медициналық көмек көрсетіліп, ол №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Қабылдау бөлімінде Юрий мультидисциплинарлық түрде тексеріліп, оған шұғыл түрде коронарлық ангиография жасалды. Ангиография нәтижесінде 98%-ға дейін сол жақ коронарлық артерияның шекті межедегі стенозы анықталды.

Науқасқа сол жақ коронарлық артерияны дәрілік стентпен стенттеу жүргізіліп, коронарлық қан ағымы 100%-ға қалпына келтірілді. Осыдан кейін науқас кеудедегі ауырсынуды сезінуді қойды, жалпы денсаулығы жақсара түсті. Науқас 24 сағат бойы жансақтау бөлімінде жатып, кардиология бөлімшесінде емін жалғастырды.

Бүгін Юрий №4 қалалық клиникалық ауруханадан шығарылды. Ол барша медицина қызметкерлеріне шын жүректен алғыс білдірді.

Отаны жасаған хирург Толемисов Ануар Жапарович, оталық мейіргер Жұмабек Абзал Бердібекұлы, анестезиолог Абдикадыров Бахытжан Избасарович, анестезист Исраилов Амандин Мунандинович.

Алматы №4 қалалық клиникалық аурухана қызметкерлері жүрек талмасына шалдыққан Ресей азаматын құтқарды.