
Алматы №4 қалалық клиникалық ауруханасы мен Ресейдің Р.Р. Вреден атындағы Ұлттық травматология және ортопедия медициналық орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Құжатқа Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы №4 қалалық клиникалық ауруханасының директоры Досмаилов Биржан Серикбекович және Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігі Р.Р.Вреден атындағы Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу орталығының директоры Тихилов Рашид Муртузалиевич қол қойды.
Негізгі бағыттар:
– клиникалық тәжірибе, заманауи технология мен емдеу әдістерін алмасу;
– бірлескен ғылыми зерттеу жүргізу, мақала жариялау және жаңа медициналық шешімдерді әзірлеу;
– зерттеу нәтижесін клиникалық тәжірибеге енгізу;
– дәрігерлерді оқыту: біліктілікті арттыру, тағылымдама, білім беру бағдарламалары;
– шеберлік сабағы мен семинарлар өткізу, халықаралық конференцияларға қатысу;
– телемедицина мен қашықтан консультацияларды дамыту.
Арнайы назар – қаңқа-бұлшықет жүйесінің ауруларын, соның ішінде күрделі сүйек инфекцияларын емдеудің заманауи әдістеріне аударылған.
Ынтымақтастық ғылыми базаны күшейтіп, мамандар даярлаудың және медициналық көмектің сапасын арттыруға септігін тигізеді.
Меморандум қаржылық міндеттемелерді қарастырмайды.









