
Мен, зейнеткер Қуанышев Жәдігер Қалыбекұлы, шын жүректен алғысымды білдіре отырып, барлық қызметкерлерге – дәрігерлерге, медбикелерге, тазалықшыларға – қажырлы еңбектері, әр науқасқа көрсеткен жан жылуы мен ықыластары, сондай-ақ өзара сыйластықтары мен әдепті қарым-қатынастары үшін ризашылығымды білдіремін. Олардың әрбір жылы сөзі мен мейірімі талай жанның көңіліне демеу, дертке шипа болуда.
Алматы қаласы бойынша ең үздік ауруханалардың бірі саналатын осы мекеменің неврология бөлімінің меңгерушісі Мұханғалиева Динара Ғибадатқызының жоғары біліктілігі мен сауатты емі арқасында көптеген науқастардың қысқа мерзімде сауығып шыққанына өз көзіммен куә болдым.
Менің емдеуші дәрігерім Луценко Марина Геннадьевна әрбір науқаспен жеке сұхбаттасып, хал-жағдайын сұрап, рухани қолдау көрсеткені бізге үлкен демеу болды.
Баршаңызға осындай қиын да жауапты еңбектеріңіздің жемісін көруді, қажымас қайрат пен отбасы бақыты, ырыс-дәулет тілеймін! Балаларыңызға жарқын болашақ, зор табыстар бұйырсын!
Сонымен қатар, науқастардың ризашылығы ескерілер деген ниетпен, аурухана әкімшілігінен осы шағын неврология бөлімінің қыз-келіншектерін көктемнің алғашқы мерекесі – 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай ақшалай сыйақымен марапаттауды ұсынамын.
8 Наурыз мерекесімен!
Құтты болсын мерекесі көктемнің,
Жаны абзал мұнда еңбек еткеннің.
Дертімізге болып шипа лезде,
Қонып жатыр нәзік қолмен еккенің.
Сендерсіңдер бұл өмірдің көктемі,
Жұлдызсыңдар қол жетпейтін көктегі.
Мақтан етіп сүйсінумен қарап ап,
Айналаңда қызыққандар көп тегі.
Қарлығаштай қанатынан су сепкен,
Әрбір жанға мейірімнен нұр төккен.
Отбасына маржан тас боп шашылсын,
Риза болып айтқан алғыс – бұл көптен!
22 ақпан 2025 жыл