Конференция Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі бекітілген Ұлттық даму жоспарының «Денсаулық сақтау» секциясы аясында өтті.
Ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, «Қазақстан Республикасының Фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығы» және
«Клиникалық фармакологтар мен фармацевтер қауымдастығы».
Госпитальдық фармация және дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды таңбалау бойынша халықаралық конференцияға №4 қалалық клиникалық аурухана атынан госпитальдық фармация бөлімінің дәрішісі Әбілбеков Еламан Қанайбекұлы, инженер-бағдарламашы Абдрахманов Әділ Маратұлы қатысты.
Бұл тақырып біздің Клиника үшін өзекті, 2023 жылы дәрі-дәрмек және медициналық мақсаттағы бұйыммен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратын госпитальдық фармация бөлімі (ГФБ) ашылды.
Бөлім міндеттері:
1) ауруханадағы дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдардың айналымына талдау жүргізу;
2) дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың орталықтандырылған айналымын жүзеге асыру үшін МҰ медициналық ақпараттық жүйесін бағалау;
3) жүйедегі медициналық қате қаупін азайту мақсатында дәрігер тағайындамаларының критерийін анықтау;
4) Мамандандырылған бөлімшелерде ГФБ енгізу шеңберінде оқыту жоспарын құру бойынша орта медициналық персоналдың құзыреттілігінің орташа деңгейін анықтау;
5) ТМККК және МӘМС шеңберінде медициналық көмек көрсетуге арналған бюджет қаражатын үнемдеуді тиімді жоспарлау үшін Клиникадағы дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйым айналымының қолданыстағы жүйесінің артықшылығы мен кемшілігін анықтау;
№4 қалалық клиникалық аурухананың қызметкерлері «Дәрілік заттарды таңбалау және қадағалауды енгізудің ағымдағы жағдайы», «Бірыңғай дистрибьютор аясында дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау» тақырыптарындағы панельдік сессияларға қатысты.