Қазанның 22-23 аралығында №4 қалалық клиникалық ауруханада халықаралық шеберлік сыныбы өтіп жатыр.
№4 қалалық клиникалық ауруханасының ортопедиялық хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Жұмағұлов Мейрамбек Оңғарұлы мен эндопротездеу бөлімшесінің меңгерушісі Әубәкіров Манарбек Ғазизұлының жетекшілігімен және Amicare Hospital докторы Химаншу Гуптаның (Газиабад, Үндістан) қатысуымен CUVIS-joint жүйесінің мүмкіндіктері көрсетілді.
Бұл жүйе тізе буындары артропластикасы кезінде стереотактикалық құрылғы ретінде пайдалануға арналған. Ол хирургқа науқастың медициналық диагностикалық суретін пайдалана отырып, ота алдындағы жоспарлауға көмектеседі және ота кезінде қажетті ақпаратты береді. Хирург ота алдындағы араласу жоспарын жүйенің бақылауымен жүзеге асырады.