Ауыр инсульттен кейін табысты оңалған бірегей клиникалық жағдай

№4 қалалық клиникалық ауруханада аневризманың жарылуымен асқынған ауыр инсульттен кейін 67 жастағы пациентті емдеу сәтті аяқталды. Коматоздық деңгейдегі естен тану және жедел қан құйылу белгілерімен түскен пациент дер кезінде жүргізілген диагностика, мамандардың үйлесімді жұмысы және үш кезеңнен тұрған күрделі отаның нәтижесінде толық оңалды. Төрт ай өткен соң пациент өздігінен нейрохирургия бөлімшесіне келіп, дәрігерлерге алғыс білдірді.

  1. Бастапқы клиникалық жағдай

Пациент №4 қалалық клиникалық ауруханаға комаға жақын ессіз күйінде, айқын сол жақты гемиплегия және сенсомоторлық афазиямен жеткізілді. Жүргізілген кешенді тексеру:

  • Субарахноидалды және паренхималық қан құйылу;
  • Оң жақ ортаңғы ми артериясының бифуркациясындағы қапшық тәрізді аневризманың жарылуы;
  • Қанның қарыншалар жүйесіне өтуі;
  • Мидың өлімге әкелуі мүмкін қысылу қаупімен жүрген массивті гематома диагноздарын көрсетті.

Жағдай өте ауыр деп танылды.

  1. Оңалтуды мультидисциплинарлы жүргізу форматы

Пациенттің емін №4 қалалық клиникалық аурухананың кеңейтілген тобы: невролог, нейрохирург, реаниматолог, анестезиолог, инсульт орталығы мен ота жасау бөлімі мамандары жүргізді. Бірнеше рет шұғыл консилиум ұйымдастырылды.

Емдеу тактикасы – кешенді, көп кезеңді, ауыр асқынудың алдын алуға және өмірді сақтап қалуға бағытталған тәсіл – дер кезінде таңдалды.

  1. Хирургиялық блок: өмірге төнген қауіп жағдайында жүргізілген үш ота

1-кезең – Аневризманы эндоваскулярлық эмболизациялау (ЭТН аясында).

Селективті церебралды ангиография жасалып, жарылған аневризма баллондық ассистенция әдісімен эмболизацияланды.

Отаны жасаған команда:

Хирург – Сенгербеков Асылбек Кенжебекович

Ассистенттер – Айсаутов Алдонғар Бахтиярович, Баезов Данияр Ахметжанович

Анестезиолог – Тасболат Самат Болатұлы

Анестезия бойынша мейіргер – Исраил Амандин Мунаждинович

Оталық мейіргер – Құдайбергенов Бекмұрат Ерболатұлы

2-кезең – Сыртқы вентрикулярлы дренажды орнату.

Арендт әдісімен, Кохер нүктесі арқылы сыртқы қарыншалық дренаж (СҚД) қойылды:

Хирург – Айсаутов Алдонғар Бахтиярович

Ассистенттер – Баезов Данияр Ахметжанович, Нигмат Рахматулла Патхулаулы

Анестезиолог – Шербаев Самат Толыбаевич

Оталық медбике – Исакова Жулдыз Мырзахановна

3-кезең – Декомпрессиялық трепанация және гематоманы алып тастау.

Оң жақ маңдай-самай және төбе аймақтарында декомпрессиялық трепанация жасалып, Leica микроскопын пайдалана отырып, миішілік гематома микрожолмен алынды. Қатты ми қабығының пластикасы жүргізілді.

Команда:

Хирург – Айсаутов Алдонгар Бахтиярович

Анестезиолог – Шербаев Самат Толыбаевич

Ассистенттер –  Баезов Данияр Ахметжанович, Нигмат Рахматулла Патхулаұлы

Оталық медбике – Исакова Жулдыз Мырзахановна

Отадан кейінгі үшінші тәулікте ұзақ уақыт бойы қауіпсіз жасанды желдетуді қамтамасыз ету мақсатында трахеостомия жасалды.

  1. Қарқынды терапия және қалпына келтіру кезеңі

Отадан кейінгі ерте кезеңде келесі кешенді ем-шаралар жүргізілді:

  • Басішілік қысымды бақылау;
  • Дегидратациялық және нейропротекцияға бағытталған терапия;
  • Тыныс алу қызметін және гемодинамиканы тұрақтандыру;
  • Неврологиялық статусты тәулік бойы мониторингілеу;
  • Бейіндік бөлімшенің реабилитологтарын ерте кезеңнен тарту.

Бастапқы болжамның өте ауыр болғанына қарамастан, ісіктің қайтуы, сөйлеудің жақсаруы, қимыл функцияларының қалпына келуі сияқты оң динамика байқалды. Науқас жағдайы тұрақталған соң ол әрі қарайғы ем мен оңалтуға ауыстырылды.

Үйге шығарылған кезде пациентте сол жақты гемипарез сақталды (аяқ – 2 балл, қол – плегия), сөйлеу бұзылысы да толық жойылмаған еді. Дегенмен кейін пациент кеңейтілген оңалту бағдарламасынан өтті.

Инсульттен кейін төрт ай өткенде:

Аяқтағы бұлшықет күші – 4 балл;

Өздігінен жүру – толық қалпына келді;

Сөйлеу функциясы – толық қалпына келді;

Когнитивтік күй – қалыпты, ауытқусыз.

Бұл жағдай мультидисциплинарлық тәсілдің тиімдігін,  №4 қалалық клиникалық аурухана бөлімшелерінің жоғары деңгейдегі үйлесімді жұмысын, клиникалық шешімді жедел қабылдаудың маңызын, заманауи нейрохирургиялық және реанимациялық жабдықтың мүмкіндігін, сондай-ақ ерте және жүйелі реабилитацияның шешуші рөлін айқын көрсетеді.

 

Ауыр инсульттен кейін табысты оңалған бірегей клиникалық жағдай