Төртінші қалалық аурухананың травматологтары егде жастағы Covid-19 вирусы бар зейнеткерге шұғыл операция жасады.
87 жастағы Қантай апа үйде абайсызда құлады. Зейнеткердің шыдатпайтын ауырсынуынан өздігінен тұра алмағанын жасы ұлғайған шақ сезіндірді. Кейін зиянсыз оқиға ауыр жарақатқа айналғаны белгілі болды.
«Науқасты оң жақ жамбас буынының аймағындағы ауырсыну, ісіну, деформация, оң аяқтың тірек функциясының бұзылуы туралы шағымдармен жедел жәрдем бригадасы жеткізді. Зейнеткерді №4 ҚКА қабылдау бөлімшесінде дәрігерлердің мультидисциплинарлық командасы қарады. Диагноз: жамбас мойнының сынуы, оң жақ жамбас мойнының суйектері ығысуымен жабық субкапитальды сынуы. Науқасқа шұғыл операция қажет болды» – деп айтып берді №4 қалалық клиникалық аурухананың дәрігері, бірінші санатты травматолог-ортопед Нұржан Байбахов.
Шұғыл госпитализация кезінде, карантиндік шараларға сәйкес, ПТР әдісімен коронавирустық инфекцияға жағынды алынды. Талдау оң нәтиже көрсетті.
Жарақаттың ауырлығы мен науқастың жағдайы шұғыл хирургиялық араласуды қажет етті. Клиниканың эпидемиологиялық қызметінің бақылауымен операциялық бригада құрылды. Covid-19 бар науқас операция эпидемияға қарсы режимді сақтай отырып, операциялық блокта жүргізілді. Барлық медицина қызметкерлері жеке қорғаныс құралдарын қолданды.Травматологтар оң жамбас буынын толық алмастырды. Операция 50 минутқа созылды. Хирург – Байбахов Нуржан Нурмаханбетович, анестезиолог – Сулейменов Нурлан Кожмухамбетович. Айта кету керек, бұған дейін 2017 жылы үлкен кісіге сол жақ жамбас буынын жалпы эндопротездеу операциясы жасалған болатын.
Стационарда болған уақытында пациент № 4 ҚКА инфекциялық бөлімшесінде ем алды.
«Науқаста COVID-19 коронавирустық инфекциясы расталды. Анықталғаннан кейін ол транзиттік бөлімнен жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды, онда ол барлық қажетті терапияны алды. Қанағаттанарлық жағдайда шығарылды», – деп айтты емдеуші дәрігер Айдана Думышева.
19 сәуірде Қантай апа жақсы қал-ахуалымен ауруханадан шығарылды.
Пандемия басталғалы бері мегаполистің №4 қалалық ауруханасы халыққа білікті медициналық көмек көрсетуді жалғастыра отырып, негізгі қызметін тоқтатқан жоқ. Клиника эпидемияға қарсы қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, карантин жағдайында бір жылдан астам уақыт жұмыс істейді. Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, қазіргі уақытта ауруханада 50 төсектік транзиттік бөлімше және 60 төсектік инфекциялық бөлімше ашылды.
«№ 4 Қалалық клиникалық аурухана штаттық режимде жұмысын жалғастыруда. Біз халыққа жоспарлы және шұғыл медициналық көмек көрсетеміз. Емдеуге жатқызу бюросының порталы арқылы түсетін емделушілерде коронавирустық инфекцияға ПТР талдаудың теріс нәтижесі болуы тиіс. Науқасты шұғыл госпитализациялау кезінде біз оның ПТР-анализін 24/7 режимінде аламыз. Нәтижені алғанға дейін пациент транзиттік бөлімшеде байқалады, онда бейінді мамандар қарап, қажетті ем алады. Одан әрі нәтижеге байланысты науқас бейінді бөлімшеге ауыстырылады, онда медициналық көмектің толық көлемі жалғасады»– деп нақтылады №4 ҚКА бас дәрігері Сағи Бейсенбеков.