Дөңгелек үстел – ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНА
Дөңгелек үстел

№4 Қалалық клиникалық ауруханада «Әртүрлі этиологиядағы коматоздан кейінгі жағдайдағы пациенттердің санасы мен қырағылығын қалпына келтіру» дөңгелек үстелі өтуде.

Дөңгелек үстелге қатысқандар: Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің, политравма, неврология және нейрохирургия бөлімшесінің дәрігерлері, резиденттер.

Медицина ғылымдарының докторы, анестезиология және қарқынды терапия кафедрасының меңгерушісі Венера Карыпбековна Исраилова «Комадан шыққан кезде пациенттерді басқару ерекшеліктері. Сананың және қырағылықтың бұзылуы» атты баяндама жасады.

«Бұл дөңгелек үстел невролог, травматолог, реаниматолог, нейрохирург, кома мәселесіне тап болған мамандарға арналған. Комадан шығу мәселелерінде науқасты тезірек қалпына келтіру үшін, оның тезірек толыққанды болуы үшін адамды комадан қалай дұрыс шығару керектігін көрсететін жаңа препараттар, әдістемелік ұсыныстар пайда болып жатыр.

Біз бүгін шетелдік әріптестеріміздің: АҚШ пен Канаданың жаңа әдістемелері мен ұсынымдарын ұсынамыз. Біздің дәрігерлерді жаңа басшылықтармен таныстырамыз», – деп нақтылады медицина ғылымдарының докторы, анестезиология және қарқынды терапия кафедрасының меңгерушісі Венера Исраилова.

Дөңгелек үстелдің келесі сұрағы: «Паркинсон ауруы бар науқастардың шұғыл жағдайы. Жіті декомпенсация» атты – медицина ғылымдарының кандидаты, неврологтар Лигасының мүшесі, «Неврология және нейрооңалту» білім беру курсының жетекшісі Айгуль Сериковна Қудайбергенованың баяндамасы.

Дөңгелек үстел