ЕНДІ САПАЛЫ ЕМ АЛУ ҮШІН ҚАЗАҚСТАНҒА КЕЛЕДІ – ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНА
ЕНДІ САПАЛЫ ЕМ АЛУ ҮШІН ҚАЗАҚСТАНҒА КЕЛЕДІ

Жыл соңына дейін Қазақстанға 10 мыңнан астам халықаралық турист келмекші. Алматы қалалық клиникалық ауруханаларында көрсетілетін қызметтер халықаралық стандарттарға сәйкес.

«Алматы – республикамыздың ең ірі мегаполисі, мұнда қалалық қоғамдық денсаулық басқармасына қарасты 76 медициналық ұйым шоғырланған. Оның үстіне 13 республикалық деңгейдегі медициналық ұйым, 2 медициналық жоғары оқу орны, денсаулық сақтау жүйесіне қызметкерлерді дайындайтын 14 медициналық колледж және 200-ден астам жеке медициналық ұйым бар. Алматыда трансплантология, эндопротездеу, кардиохирургия саласында жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетумен айналысатын жеке медициналық ұйымдар бар екенін атап өткім келеді. Алматыдағы ауруханаларда емделіп жатқан науқастардың 25 пайызы басқа қаладан келеді», – деді Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева.

№4 қалалық клиникалық аурухана медициналық және сауықтыру туризмі бойынша бірінші халықаралық семинарға қатысты. Іс-шара конференция форматында өтті, онда Клиника Грузия, Түркия, Иран, Әзірбайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Беларусь және Ресей өкілдері, шетелдік және отандық клиникалар, туристік агенттіктер, сақтандыру, авиа және туристік компаниялар өкілдері үшін Аурухана қызметтерін ұсынды.

– Бұл іс-шараның біздің аурухана үшін маңызы зор. №4 қалалық клиникалық аурухана травматологиялық-ортопедиялық көмек көрсету бойынша, сонымен қатар комбустиология саласында флагман болып табылады. Клиника командасының жамбас/тізе/иықты ауыстыруда үлкен тәжірибесі бар. 10 жыл ішінде – 16 000 эндопротездеу отасы жасалған. Капсула-байланыс құрылымдарының артроскопиялық реконструктивтік хирургиясы (иық, шынтақ, тізе, тобық буындары). Интервенциялық хирургия. Кадр құрамы халықаралық стандарттарға сай – біздің мамандар АҚШ-та, Израильде, Жапонияда, Қытайда және Еуропа елдерінде оқудан өтті, – деді өз сөзінде №4 қалалық клиникалық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Елдес Сүгір.

Тек өткен 2021 жылдың өзінде ауруханаға медициналық қызмет алу үшін 100 мыңнан астам адам жүгінген. Ауруханада 23 мыңнан астам науқас емделген, хирургтар жылына 12 мыңға жуық ота жасаған.
Қалалық клиникалық аурухана келесі бағыттар бойынша медициналық қызметтерді ұсынуға дайын: травматология, ортопедия, күрделі жарақаттар, хирургия, гинекология, кардиология, интервенциялық кардио/нейрохирургия, реабилитация, урология және комбустиология.

B2b форматындағы кездесулер форумға қатысушылар үшін нәтижелі болды, онда Клиника мен медициналық турагенттер шетелдік емделушілерге қызмет көрсету бойынша одан әрі ынтымақтастық перспективаларын талқылай алды.

– Әдетте қазақстандықтар жақсы ем алу үшін басқа елдерге баратын, – деп түсіндірді Түркиядан келген Famax Medical Tourism медициналық кеңесшісі Илькин Бабаев. – Қазір жағдай өзгеріп жатыр, Қазақстан да толық тексеруден өту немесе ота жасатуға баратын ел ретінде қызықты.

Медициналық семинардың екінші күні Universal Health Expert ұйымдастырушылары Алматы клиникаларын аралап, өзара ынтымақтастық меморандумына қол қою туралы келісімге келуді көздеп отыр.

ЕНДІ САПАЛЫ ЕМ АЛУ ҮШІН ҚАЗАҚСТАНҒА КЕЛЕДІ