Эндопротездеудің бірегей жағдайы – ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНА
Эндопротездеудің бірегей жағдайы

Вера Иннокентьевна өзінің 90 жасында сергектік рух пен жақсы түрін сақтады.

Төртінші қалалық ауруханаға зейнеткер автобустан шыққан кезде құлап, жарақат алғаннан кейін түсіп отыр. Дәрігерлер зейнеткерге төмендегі диагноз қойды: оң жақ жамбас сүйектерінің жабық субкапитальды сынуы, сүйек сынықтарының ығысуымен.

Аяққа қайта тұрудың жалғыз жолы – ота жасау екенін Вера Ким түсініп, еш ойланбастан шешім қабылдады.

Жасына және ілеспе созылмалы аурулардың болуына байланысты, пациентті эндопротездеу бөлімшесінің меңгерушісі Манарбек Газизович Аубакиров жеке бақылауға алды.

«Қабылдау кезінде науқас ауырсынуға, ісінуге, деформацияға, оң жамбас буынының аймағында қозғалыстың шектелуіне, тірек функциясының бұзылуына шағымданды. Қабылдау бөлімшесі жағдайында пациент жан-жақты тексеріліп, құрамында травматолог, терапевт, анестезиолог бар дәрігерлердің мультидисциплинарлық командасымен қаралды», – деп нақтылады бөлім меңгерушісі Манарбек Аубакиров.

23 қыркүйекте дәрігерлер жамбас буынын ауыстыру отасын сәтті өткізді. Травматологтар міндеттерін бір сағат ішінде орындай алды.

Хирург: АУБАКИРОВ МАНАРБЕК ГАЗИЗОВИЧ

Ассистент: ӘБІЛДА ЕРКЕБҰЛАН МҰХАМЕДИЯРҰЛЫ

Анестезиолог: ШОКЕШОВ САДУБЕК КЕЛЕСБЕКОВИЧ.

28 қыркүйекте біздің науқас Вера Иннокентьевна амбулаториялық бақылауға үйіне шығарылды. Ол қайтадан жүре алды.

Эндопротездеудің бірегей жағдайы