Евразийский банк передал автомобиль скорой помощи Городской клинической больнице Алматы

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Еуразиялық банк Алматы №4 қалалық клиникалық ауруханасына жаңа жедел медициналық жәрдем көлігін табыстады.

Арнайы автокөліктің кілтін банк өкілдері салтанатты жағдайда тапсырды.

«Медицина қызметкерлері күн сайын адам өмірі мен денсаулығы үшін зор жауапкершілік арқалап келеді. Кәсіби мереке қарсаңында оларға алғысымызды сөзбен ғана емес, нақты қолдау арқылы білдіруді жөн көрдік», – деді Еуразиялық банктің Алматы филиалы директорының міндетін атқарушы Гүлмира Әбілдинова.

Жаңа автокөлік пациенттерді уақтылы тасымалдауға мүмкіндік беріп, Алматы тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға ықпал етеді.

«Бұл біздің аурухана үшін аса маңызды әрі дер кезінде көрсетілген қолдау болды. Жаңа көлік қызметіміздің жеделдігін арттырып, пациенттерге көмекті уақтылы көрсетуге мүмкіндік береді. Денсаулық сақтау саласына көңіл бөліп, медициналық инфрақұрылымды дамытуға үлес қосып отырған Еуразиялық банкке алғыс білдіреміз», – деп атап өтті аурухана өкілдері.

№4 қалалық клиникалық аурухана – Алматы қаласы Түрксіб және Жетісу аудандары тұрғындарына шұғыл, мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмек көрсететін көпбейінді медициналық ұйым. Сонымен қатар аурухана Госпитализация бюросының порталы арқылы Қазақстанның барлық өңірінен келетін пациенттерге қызмет көрсетеді. Мұнда консультациялық-диагностикалық және стационарды алмастыратын медициналық қызметтер де ұсынылады.

Еуразиялық банк – Қазақстандағы әлеуметтік маңызы бар коммерциялық банктің бірі. Актив көлемі бойынша елдегі ірі он банктің қатарына кіреді. Банк автонесиелеу мен бөлшек бизнес саласында жетекші орынның бірін иеленіп, корпоративтік және шағын әрі орта бизнес клиенттеріне қаржылық қызметтің кең ауқымын ұсынады.

Еуразиялық банк Алматы №4 қалалық клиникалық ауруханасына жедел жәрдем көлігін сыйға тартты