Халықаралық мейіргер күні

Бүгін №4 қалалық клиникалық ауруханада таңғы жоспарлы жиын салтанатты жағдайда өтті. Ұжым медбике, мейіргер, зертхана маманы, нұсқаушы және орта буынның барлық қызметкерін кәсіби мерекесі – Халықаралық медбике күнімен құттықтады.

Орта буын медицина қызметкері – көпбейінді стационар жұмысының басты тірегі. Науқастың жанынан тәулік бойы табылатын да – осы мамандар. Олар күтім жасайды, дәрігер тағайындаған ем-домды орындайды, шұғыл жағдайда көмек көрсетеді әрі емделудің барлық кезеңінде қолдау білдіреді.

Бүгінде №4 ҚКА-да орта буынның 400-ге жуық маманы еңбек етеді. Олардың қатарында жансақтау бөлімінің, инсульт орталығының, ота жасау бөлімінің, қабылдау бөлімінің, оңалту және диагностика қызметінің маманы бар. Аурухананың ерекше мақтанышы – 23 аға медбике мен мейіргердің бәрі медбике ісі бойынша бакалавр дәрежесіне ие.

Мереке қарсаңында қызметкер:
* Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының 10 грамотаcымен
* Медицина қызметкері кәсіподағының 10 грамотасымен
* AMANAT партиясының 8 Алғыс хатымен
* Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің 2 Алғыс хатымен марапатталды.

Кәсібилігіңіз, қамқорлығыңыз және күн сайынғы адал еңбегіңіз үшін алғыс білдіреміз!

Халықаралық мейіргер күні