ИБС. Острый коронарный синдром с подъемом сегмента ST. Кардиогенный шок 2 степени. СН IV по Killip. – ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНА
ИБС. Острый коронарный синдром с подъемом сегмента ST. Кардиогенный шок 2 степени. СН IV по Killip.

1962 жылғы науқас 14 сәуірде №4 қалалық клиникалық ауруханаға жедел жәрдеммен шұғыл түрде жеткізілді.

Науқасқа ауруханаға жатқызуға дейінгі кезеңде емдеу хаттамасына сәйкес медициналық көмек көрсетілді. Қабылдау бөлімінде науқас 2 минут ішінде мультидисциплинарлы қаралды. Оған жүректің ишемиялық ауруы, ST сегментінің көтерілуімен жедел коронарлық синдром, 2-дәрежелі кардиогенді шок, Killip бойынша CH IV диагнозы қойылды.

Науқас шұғыл түрде рентген эндоваскулярлық хирургия және кардиология бөлімшесіне коронарлық ангиография жүргізу үщін жеткізілді. Оң жақтан кәріжілік артериясына трансрадиальді кіру жасалды. Ангиографиялық аппаратты қолдану кезінде оң жақ коронарлық артерияның жіті тромбозы, оң жақ коронарлық артерияда коронарлық қан ағымының толық тоқтағаны анықталды. Тромбоздық массаның аспирациясы, баллондық ангиопластика және коронарлық қан ағымын 100% қалпына келтіретін дәрілік DES-пен қапталған стент имплантациясы жүргізілді. Коронарлық қан ағымы қалпына келтірілгенде, жүрек ырғағы бұзылуының түрлілігі анықталды. Ол аритмияға қарсы терапия арқылы қалпына келтірілді. Аталған тері арқылы коронарлық араласу 20 минут ішінде жүзеге асырылды.

ЭКГ-да ST сегментінің изолинияға төмендеуі, ангинальды ауырсынудың басылуы, қан қысымының тұрақтануы байқалды, содан кейін науқас одан әрі дәрі-дәрмекпен емдеу және қан қысымын, жүрек соғу жиілігін, ЭКГ, оттегімен қанықтылығын бақылау үшін бөлімше меңгерушісі Подхлебный Андрей Александровичтің жетекшілігіндегі қарқынды терапия бөліміне ауыстырылды.

№4 қалалық клиникалық ауруханада Алматы қаласы Түрксіб ауданының тұрғындары үшін рентген эндоваскулярлық хирургия және кардиология бөлімшесі тәулік бойы жұмыс істейді. Төтенше жағдайда да, жоспарлы түрде де келесі рентгендік эндоваскулярлық араласу түрлері орындалады:

коронарлық ангиография, аортография, коронарлық стенттерді имплантациялау, синустық түйін әлсіздігі синдромы кезінде МРТ-үйлесімді қос камералы кардиостимуляторларды енгізу, 2 және 3-дәрежелі АВ блокадасын жүргізу. МРТ-үйлесімді ИКД (екі камералық автоматты кардиовертер дефибрилляторы) имплантациясы ЖТМҚ. МРТ-үйлесімді бивентрикулярлы дефибриллятор CRT-D имплантациясы ЖТМҚ. Жүректің өткізгіштік жүйесін ЭФЗ электрофизиологиялық зерттеуін жүргізу. Жүректің өткізгіш жүйесінің радиожиілік абляциясының РЖА жүргізу. Жатыр миомасындағы жатыр артерияларының эмболизациясы. Баллонды ангиопластика және аяқты стенттеу, бүйрек артерияларын стенттеу арқылы аяқ ангиографиясы.

Біз ең заманауи шығын материалдарын, соның ішінде әлемдік өндірушілердің стенттерін пайдаланамыз. Бұл медициналық өнімдер кең ауқымды клиникалық зерттеулерден өтті, олардың тиімділігі дәлелденді.

Біздің бөлімше дәрігерлері: Ресей (Мәскеу), Қытай (Үрімші), Франция (Париж), Австрия (Вена), Италия (Рим), Испания (Бенидорм), Голландия (Роттердам), Германия (Мюнхен), Жапония (Йокогама), АҚШ (Вашингтон, Нью-Йорк, Денвер, Сан-Франциско)  сияқты алыс және жақын шет еледе біліктілігін арттырудан өтті. Олар халықаралық шеберлік сабақтарына белсенді қатысады.

Бөлімше дәрігерлері Қазақстан Республикасы Интервенциялық кардиологтар және рентген-хирургтары қоғамының, Қазақстан Республикасы кардиологтар қауымдастығының, Еуропалық кардиология қауымдастығының және Ресей кардиология қоғамының мүшелері болып табылады.

ИБС. Острый коронарный синдром с подъемом сегмента ST. Кардиогенный шок 2 степени. СН IV по Killip.